“Уәделерді қадағалау” жобасы аясындағы үшінші материалды назарларыңызға ұсынамыз. Естеріңізде болса, жоба дебюті Ақпарат және коммуникациялар министрінен басталып, ҚР бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне дейін жетті, ендігі кезек – Білім және ғылым министрінің уәделерінде.
Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы – 2016 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Білім және ғылым министрі. 2 жыл қызметінде Ерлан Кенжеғалиұлы білім саласына жаңа өзгерістер енгізумен келеді: үш тілде білім беру, латын әліпбиі мен электронды журнал-күнделік және басқалары. Бұл жолы Министрометр сіздің білім саласына қатысты берілген уәделер жайлы біліміңізді анықтайды. Ендеше, бірге тексерейік.
- azh.kz: Мемлекеттік гранттардың тағайындалуында
“Алтын белгі” иелері жеңілдіктер санатынан босатылады.
2. informburo.kz: “Жаңа тізім жасаймыз, ал “Алтын белгі” иелерін университеттер есебінен қаржыландырамыз”.
3. Электронды журналды қағаз есептілік деңгейіне теңестіру
4. today.kz: қамқоршысыз қалған балалар жайлы жеке мәліметтер ресми ақпарат базасында ашық түрде болады.
5. nur.kz: мұғалімдерді қинап сараптама жасауға, жол жүру билеттерін таратуға, мерзімді тексерістерді жасатуға тыйым салу.
6. yvision.kz: Студенттік футбол лигасын дамыту.
7. tengrinews.kz: 2017-2018 оқу жылынан бастап 2,5,7-сыныптар үшін бес күндік оқу аптасын енгізу.
8. zakon.kz : 2017-2018 оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде сабақ өткізу уақыты 40 минуттан болады.
9. 2017-2018 оқу жылынан бастап пилоттық жоба аясында нөлінші сыныптарда Әліппе енгізіледі