Министр 6 шілде күні митингте тұтқындалғандар санын хабарлады

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 6 шілде күні митингте тұтқындалғандардың  және әкімшілің жауапкершілікке тартылғандардың санын айтты деп хабарлады  Informburo.kz. 

«Алматы қаласында және астанада 6 шілде күні рұқсат етілмеген митинг өткізгені үшін жүзден аса адам тұтқындалды. Оның 44-і әкімшілік жауапкершілікке, 19-ы әкімшілік қамауға алынды, ал 23-іне айыппұл салынды. Қалғандарымен профилактикалық әңгімелесу өткізіліп, қайта босатылды» деп хабарлады министр. 

Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкерлері митингке қатысушыларды ғана емес, сонымен бірге жақын маңдағы адамдарды да ұстағанын түсіндірді. Полиция олармен сөйлесіп, үйіне қайта жіберген.

«Қоғамдық тәртіпті бұзған адамдар жағдайды тұрақсыздандырып, Алматыдағы Абай даңғылында, астанадағы – Республика даңғылында қоғамдық көлікті жүруіне кедергі жасады. Осылайша, олар тұрғындардың  демалуына және мерекелік іс-шараларды өткізуге кедергі келтірді. Сондықтан полиция оларды тұтқындап, әкімшілік жауапкершілікке тартты» деді министр. 

Шілденің 6-сы астанада және Алматы қаласында митингтер өтті. Шараның алғашқы сағаттарында БАҚ ондаған адам тұтқындалғанын айтты. Сол күні кешке полиция наразыларды тұтқындауға байланысты пікір білдірді. ІІМ дерегінше митингке шыққандар ” кейбір азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымының провокациясына еріп кеткен”

Factcheck.kz