Мемлекеттік сатып алу хабаршысы: Алматы әкімдігі жартымиллионыншы туристі күтіп алады

Шыңғыс Уәлихан оқырмандарды порталдың қызықты және түсініксіз лоттарымен таныстыратын «Мемлекеттік сатып алу хабаршысы» айдарын жалғастырады. Бұл жолы алматы әкімдігі назарда.

Алматы әкімдігі Туризм басқармасы қаланы халықаралық дәрежеде таныту үшін Алматының жартымиллионыншы турисін күтіп алуды ұйымдастыру қызметін сатып алды.

Қызмет мемлекеттік сатып алу порталы арқылы алынған. Қызметті сатып алуға бөлінген қаражат 4,6 млн теңге. Тендерді ұтып алған MICE SERVICE ЖШС байқауды 3,3 млн теңге ұсынысымен ұтып алған. Ұйым күтіп алу, трансфер, мерекелік кешкі ас, екікүндік тур ұйымдастырып, БАҚ өкілдерінің болуын қамтамасыз етіп, іс-шараның фото-видеоларын Facebook пен Instagram-дағы танымал парақшаларда жариялауы керек.

Лоттың сипаттамасы

«Жартымиллионыншы турист» әкіммен әуежайда күтіп алу кезінде міндетті:

  1. Туристі екі батыр және екі қазақ қызы ұлттық киімдермен күтіп алу.
  2. Туристі әуежайдың VIP-шығу есігі арқылы алып шығу.
  3. Әуежайдың VIP-шығу есігін қызыл кілеммен қамтамасыз ету.
  4. Кездесуде музыкалық бағдарлама болуы, ұлттық аспаптармен кем дегенде 3 шығарма орындалуы керек.
  5. Ұлттық тағамдарды ұсыну (бауырсақ, құрт, жент, қымыз, шұбат және т.б.)

Туристі әуежайда күтіп алған күнгі трансфер:

  1. 2015 жылдан ескі емес Лимизунмен (жоғары дәрежедегі) жеткізуді қамтамасыз ету.
  2. Лимузинде ұлттық өндірістегі сусындардың болуы.

Мерекелік кешкі ас:

  1. «Көктөбе» саябағы аймағындағы мейрамханада кешкі ас (10 адамға). Мәзір Тапсырыс берушімен келісіліп жасалады.
  2. Қонақтардыңт мейрамханаға кірген кездегі әсемдеуді қамтамасыз ету.
  3. Қонақты мейрамханада қазақы дәстүрге сай күтіп алу (шашу, музыкалық оркестр, қазақша әндерді, билерді орындау).

2 күндік турға мыналар кіруі керек:

  1. 2 күнге ағылшын тілін білетін гидпен бірге Алматы қаласына жалпылама экскурсия жасау (кемінде 5 сағат). Объектілерге ешқандай кедергісіз кіруді ұйымдастыру және келісу, қажет болған жағдайда барлық бағыттың кіру билетін төлеу.
  2. Гастро бағдарламамен қамтамасыз ету (мейрамханаларға бару, ұлттық ас мәзірлеріне дегустация жасау).
  3. Тікұшақпен тур өткізуді қамтамасыз ету (ұзақтығы кемінде 30 минут).
  4. Бекітілген бағдарламаға сәйкес барлық тур кезінде автокөлікпен қамтамасыз ету.
  5. Қаланың орталығындағы, Достық-Абай-Назарбаев-Құрманғазы көшелері аймағында таңғы асы бар 5* қонақүйде бір адамдық нөмірде 2 тәулік/күн тұруын қамтамасыз ету.

Тапсырыс берушінің талабы бойынша 4 жаңалықтар порталында (nur.kz, tengrinews.kz, zakon.kz және т.б.) жартымиллионыншы туриспен кездесудің анонсы жариялануы керек, одан бөлек кемінде 500 000 жазылушысы бар Instagram мен Facebook-тағы танымал парақшаларда видеожазбалар жариялануы тиіс.

Жартымиллионыншы турист пен Алматы әкімінің кездесуі әлі болмаған тәрізді, өйткені әкімдік пен MICE SERVICE  ЖШС арасындағы келісім 2019 жылдың 8 тамызында ғана өз күшіне енген. Қызметтер 2019 жылдың қараша айына дейін ұсынылуы керек. Бізге әлгі жартымиллионыншы бақытты жан қандай тәсіл арқылы анықталатыны қызық болып тұр…