Marriott қонақтарының дерегі тарап кетуіне байланысты 124 миллион доллар айыппұл төлейді

Marriott өткен жылы қараша айында қонақтарының дерегі тарап кетуіне байланысты 124 миллион доллар айыппұл төлейді. Бұл жайлы Ұлыбританияның ақпараты бойынша комиссар басқармасы хабарлады.

Басқарма мәлімдемесіне сәйкес “кибероқиға” барысында әлем бойынша 339 миллион қонақтың дерегі қолжетімді болған.

Басқару сайтындағы баяндамада «киберқауыл» нәтижесінде бүкіл әлем бойынша 339 миллионнан астам қонақтар тіркелді. Олардың 30 миллионы Еуропалық экономикалық аймақтың 31 елінің тұрғындарымен, 7 миллионы – Ұлыбритания тұрғындарымен байланысты.

Комиссар басқармасы компания қауіпсіздік бойынша қосымша жұмыстар жасағанын хабарлады.

2018 жылдың қарашасында «Marriott» компаниясы «Starwood» қонақүй желісінің брондау жүйесіне рұқсатсыз кіруіне байланысты деректер қолжетімді болды деп мәлімдеді. Брондау жүйесінде 500 миллион клиенттің дерегі сақталған. Оның ішінде 327 миллион клиенттің аты-жөні, туған күні, телефон нөмірі, паспорт нөмірі және электронды поштасының адерсі жайлы мәлімет болды. Marriott компаниясының айтуы бойынша хакерлер кейбір клиенттердің бан есепшотының нөмірін де алуы мүмкін. 

CNN басылымының хабарлауынша бұл бір аптада болған екінші ірі көлемдегі айыппұл. Шілденің 8-і күні ақпараттық комиссия British Airways компаниясына жарты миллионға жуық клиенттің деректердің ағып кетуіне байланысты 230 миллион доллар төлеуге міндеттейтіндігі белгілі болды.

Marriott International компаниясы 1927 жылы құрылды. Компания әлемнің 130 елінде түрлі брендтегі 6 700-ден астам қонақ үйді біріктіреді.

 

Factcheck.kz