Манипуляция | Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы Ресейдікінен жоғары

2018 жылы қыркүйектің 22-сінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өзінің ресми интернет-ресурсында “Қазақстан зейнетақы жүйесін модернизациялаудың мақсаты – xалықтың өмір сапасын жақсарту” деген атпен есеп жариялады. Министрлік дерегінше, Ресей мен Беларусьта зейнетақы Қазақстандағыдан әлдеқайда аз:

Манипуляция | Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы Ресейдікінен жоғары
Дереккөз / Источник: www.enbek.gov.kz/ru/node/351881

Үкім: Манипуляция

Базалық зейнетақы көлемін 2018 жылы шілденің 1-інен арттырғанға дейін минималды зейнетақы көлемі 33 745 теңге ғана болғанын айта кету керек. 30.06.2018 жылғы курсқа шаққанда (1 доллар – 341,08 теңге) зейнетаұы көлемі 98,9 доллар болады. Ал күн күнкөріс минимумына (26 468 теңге) қатысты үлесі – 1,27 немесе 127 пайыз.

Есептің дәлдігі үшін 2018 жылғы орташа зейнетақы көлемін шығарсақ, бұл көрсеткіш 41 382 теңге болып шығады. 26.09.2018 жылғы доллар курсына шаққанда (1 доллар – 360,21 теңге) бұл 114 доллар 88 центке тең. Яғни, бұл көрсеткіштің жылдық орташа күнкөріс минимумына (27 807 теңге) қатысты үлесі 1,48 немесе 148 пайызға тең.

Енді министрліктің Ресей зейнеткерлерінің алатын ақшасына қатысты жазған мәлімдемеге оралайық. Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі “ресейлік зейнеткерлер 5000 рубль немесе 75 доллар алады” деген.

Үкім: Жалған

Ресей мемлекеттік статистика федералды қызметінің ақпаратынша, елдегі ең төмен зейнетақы Курск облысында тіркелген. Онда зейнетақы – 7 044 рубль. 1 доллар – 65,82 рубль курсымен есептесек, 107 доллар болып шығады.   

Ресейде “әлеуметтік саясат Мәскеуден қашықта орналасқан аймақтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталғанын” айта кетейік. Мәселен, Чукотск автономды округінде зейнеткерлер ай сайын кем дегенде 20 944 рубль немесе 318,20 доллар алады.

Ресей аймақтары бойынша 2018 жылғы минималды зейнетақы – №1 кесте

Аймақ рубль
Орталық Федералды округ
1 Белгород облысы 8 836
2 Брян облысы 7 327
3 Владимир облысы 9 233
4 Воронеж облысы 9 567
5 Иванов облысы 8 194
6 Калуж облысы 9 338
7 Костром облысы 9 629
8 Курск облысы 7 044
9 Липецк облысы 9 479
10 Мәскеу облысы 9 864
11 Орлов облысы 8 597
12 Рязан облысы 7 998
13 Смоленск облысы 9 516
14 Тамбовск облысы 8 231
15 Тверск облысы 8 726
16 Тульск облысы 9 354
17 Ярослав облысы 8 930
18 Мәскеу 17 500
Солтүстік-Батыс Федералды округі
19 Карелия Республикасы 9 703
20 Коми Республикасы 10 556
21 Архангельск облысы 12 315
22 Неміс авт. округі 18 199
23 Вологодск облысы 9 701
24 Калининград облысы 9 703
25 Ленинград облысы 8 672
26 Мурманск облысы 12 497
27 Новгород облысы 9 299
28 Псковск облысы 9 606
29 Санкт-Петербург 8 817
Оңтүстік Федералды округі
30 Адыгей Республикасы 8 970
31 Қалмақ Республикасы 8 296
32 Краснодар өлкесі 9 279
33 Астрахан облысы 8 759
34 Волгоград облысы 9 380
35 Ростов облысы 9 355
Приволжск Федералды округі
36 Башқұртстан Республика 8 644
37 Марий Эл Республикасы 8 781
38 Мордовия Республикасы 8 231
39 Татарстан Республикасы 9 175
40 Удмуртия Республикасы 9 371
41 Чуваш Республикасы 8 146
42 Киров облысы 9 077
43 Нижегород облысы 8 809
44 Оренбург облысы 7 761
45 Пензен облысы 8 401
46 Самара облысы 8 326
47 Саратов облысы 7 971
48 Ульянов облысы 8 707
49 Перм өлкесі 9 011
Орал Федералды округі
50 Курган облысы 9 226
51 Свердлов облысы 9 703
52 Тюмен облысы 9 402
53 Челябинск облысы 9 368
54 Ханты-Мансий автономды өлкесі 11 830
55 Ямало-Ненец автономды өлкесі 14 797
Сібір Федералды округі
56 Алтай Республикасы 9 499
57 Бурят Республикасы 9 703
58 Тыва Республикасы 9 245
59 Хакасия Республикасы 9 349
60 Алтай өлкесі 9 217
61 Забайкалөлкесі 9 703
62 Краснояр өлкесі 9 270
63 Иркутск облысы 9 701
64 Кемеров облысы 8 882
65 Новосибирск облысы 9 703
66 Омск облысы 9 057
67 Томск облысы 9 275
Қиыр шығыс Федералды округі
68  

 

Саха Республикасы (Якутия)

1-аумақ:
17 435
2-аумақ:
14 763
69 Камчатск өлкесі 17 151
70 Приморск өлкесі 9 637
71 Хабаровск өлкесі 12 009
72 Амурск облысы 9 695
73 Магадан облысы 16 280
74 Сахалинск облысы 13 225
75 Еврей автономиялық облысы 9 700
76 Чукотск автономиялық округ 20 944
Солтүстік Кавказ Федералды округ
77 Дағыстан Республикасы 8 707
78 Ингушетия Республикасы 8 104
79 Кабардино-Балкария 8 922
80 Карачаево-Черкесия 7 491
81 Солтүстік Осетия 7 606
82 Шешенстан Республика 8 989
83 Ставропольск өңірі 8 293

Дереккөз: www.gks.ru

Жылдық орташа минималды зейнетақының күнкөріс минимумына қатынасы 148 пайыз болған Қазақстан көрсеткіштерін Ресейдікімен шамалап болса да салыстыру үшін Ресей Статистика қызметінің деректеріне қараңыз.

Ресейдің кейбір өңірлерінде орташа төлемдер көлемі және орташа зейнетақының күнкөріс минимумына қатынасы – №2 кесте

Өңір Күнкөріс минимумы, руб. Орташа зейнетақы көлемі, руб. Зейнетақының күнкөріс минимумына қатынасы, %
Тамбовск облысы 4 802 10 300 214,5
Астрахань облысы 5 382 11 400 211,82
Мурманск облысы 8 840 15 150 171,4
Мәскеу 8 502 14 400 169,37
Санкт-Петербург 6 258 14 400 230,1
Приморск облысы 7 818 11 500 147,1
Башқұртстан 6 070 10870 179,08
Орловск облысы 6 000 10 514 175,23
Брянск облысы 5 648 10 208 180,74
Калининград облысы 6 354 9 448 148,7
Воронеж облысы 6 039 10 053 166,47
Новосибирск облысы 6 681 11 500 172,13
Татарстан 6 621 11 600 175,2
Коми 7 798 14 678 188,23

Дереккөз: www.gks.ru

Қазақстан мен Ресейдің Еуразия экономикалық одағындағы өзге серіктесінде – Беларусьте зейнетақының үстіне қосымша берілетін сыйақы мен минималды зейнетақыға жанама берілетін жәрдемақы бар. Сондықтан ондағы орташа зейнетақы көлемін есептеп шығу қиын.

Қазақ тіліне аударған – Аян Қалмұрат

Factcheck.kz