Манипуляция | Елде шетел валютасына деген сұраныс азаяды

16 шілде күні ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышов Ақордада болған кездесуде президентке ұлттық валюта курсының өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлар туралы түсіндірді. Ол елімізде шетел валютасына деген сұраныстың азайғандығын айтты.

Нацбанк РК

Үкім: Манипуляция

Данияр Ақышовтың айтып отырғаны дұрыс, тіпті экономика және қаржы туралы оқулықтарда да «Валютаға деген сұраныс оның бағасына кері пропорционал. Айырбас курсы жоғары болған сайын тауарлар, қызметтер мен қаржылық күштердің бағасы өсіп, оған деген сұраныс азаяды. Керісінше, төменгі валюта курсы шетел валютасына деген сұранысты арттырады» делінген. (Федякина Л. Н. Международные финансы. СПб.: — 560 с. 2005). Бірақ Ақышов мырза негізгі бағалау параметрлері туралы айтпады.

Расымен де, долларға қатысты теңгенің курсы түсіп жатыр. Соған қарай долларға да сұраныс төмендеуде. Бинго! – Ұлттық банк басшысы дұрыс айтады! Жаз басталғалы доллар 14 теңгеге қымбаттады.

Курс тенге к доллару

Теңге құнының төмендеуінің оңтайлы жақтары болуы мүмкін. Тағы да экономика ғылымдарының негізіне сүйенсек ұлттық валютаның арзандауы ұлттық сарапшыларға тиімді. Ресей біздің үлкен сауда серіктесіміз екенін ескеріп теңге-рубль валюта қосағын қарастырып көрейік. Өткен жылдың қазан айында рубльді 5,95 теңге болса, қазір 5,48 болып тұр.

Спрос на иностранную валюту в Казахстане

Логикаға сүйенсек, осы уақыт аралығында рубльге деген сұраныс артуы керек (юаньға артқан сияқты – төменнен қараңыз).

Шетел валютасына сұраныс төмендегені туралы ақпараттың қай жері дұрыс емес?

Біріншіден, спикер уақыт аралығын көрсетпеген (қай уақыттан бері төмендеп жатқанын және трендтің қаншалықты тұрақты екенін). Екіншіден, «шетел валютасына деген сұраныс» сөзі жалпылама айтылған, өткені шетел валютасы деген тек қана доллар емес (мәселен, қытай юані де рубль сияқты жаздың басынан бері біраз төмендеді – 52 болды, қазір 51,20). Қытай да біздің ең үлкен сауда серіктестеріміздің бірі екені белгілі. Үшіншіден, сұраныстың төмендеуінің нақты себептері көрсетілмеген.

Контекст

Және де ең бастысы, елімізде шетел валютасына деген сұраныстың төмендеуі қаншалықты тиімді – осы туралы да айтылмаған. Жалпы алғанда барлығы жаман емес сияқты. Бізге доллар мен рубльдің қажеті қанша? Біздің ақшамыз теңгемен өлшенеді. Макроэкономика туралы оқулықта шетелдегі кез келген капиталдың төмендеуі шетел валютасына деген сұранысты арттырады делінген. Ал төмендеу қай кезде жақсы, ал қай кезде тиімсіз? Оқулықты қараймыз:

«…шетел валютасының сұранысына үш негізгі фактор әсер етеді:
А) қызметтер, тауарлардың импорты мен өндіріс факторындағы қажеттіліктер;
Ә) шетелдегі инвестицияның көрінісі;
Б) байлыcты сақтауда шетел валютасының сенімділігі».

Сонымен қатар, салыстыру үшін шетелге саяхаттауға немесе инвестиция үшін барып, сол себепті валютаны сатып алатын азматтар және өз жиған ақшаларын доллармен сақтайтын азаматтар жайында айтылған. Бұл азаматтар да сұраныстың өсіп-төмендеуіне ықпал етеді. Доллардың жайын айтып болдық.

Барлық шетел валюталарына қатысты жалпы ақпарат (KASE)

Курс доллара к тенге
KASE сайтынан скрин

Скринде сіздер шетел валютасы сатылымының өткен және биылғы жылдың алғашқы 6 айының салыстырмалы ақпараттарын көріп тұрсыздар («Спот» келісімі бір валютаны екіншісіне тікелей алмастырады. Спот-курс – валютаның қазіргі бағасы). Көріп отырғанымыздай, өткен жылға қарағанда көлем өсті, яғни 2018 жылдың алғашқы 6 айын өткен жылдың 6 айымен салыстырып айта алмаймыз. Бірақ мамыр мен маусым айларындағы сауда нәтижесінен қысқарғанын анық байқауға болады – 1040,1 млрд теңге (бұрын 1028,1 млрд болған).

Курс тенге к доллару

Курс доллара к тенге
Ақпарат мына жерден алынды.

Бұл сандарға қарай отырып, біз мұндай ақпараттарды верификациялағанда уақытша контексттің маңызды екенін байқаймыз. Жаз демалыс айы екенін ескерсек, шетел валютасына сұраныстың маусым айында төмендеуі қосымша сұрақтар тудырады. Немесе, расымен де халық ішкі туризмге үйреніп жатқанының белгісі.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz