Манипуляция | Әрбір Қазақстандық 330 мың қарыз – сенат депутаты Ә.Құртаев

6 маусым күні Sputniknews.kz сайтында “Сенат депутаты: қазір әрбір қазақстандық 330 мың теңгеден қарыз” деген тақырыппен материал жарық көрді. Бұл материалда сенат депутаты Ә.Құртаев қазақстандықтардың банктерге берешек несие мөлшерінің өсіп бара жатқанын айтып, мысал ретінде “жаңа туған сәбилерді қоса есептегенде әрбір қазақстандық 330 мың теңгеден қарыз” деген дерек келтірген.  

Үкім: Манипуляция

ҚР Ұлттық банк көрсеткен ресми деректе 5 111 652 қазақстандық банкке қарыз, ал 330 мың теңге берешек Қазақстанның әрбір азаматына тиесілі емес, сондықтан бұл ақпарат – манипуляция.

Осы сұрақ жөнінде Factcheck.kz сайты ҚР Ұлттық банк төрағасына ресми хат жолдап, анықтап көрген еді, жауап төмендегідей:

жауап ұлттық банк

ҚР Ұлттық банк ұсынған жауаптан, 330 мың теңге берешектің әрбір қазақстандыққа тиесілі емес екендігін, барлық несие иелері бойынша орташа алынғандығын көреміз. Ал, соңғы үш жылда банктен несие алушылар саны 1 млн 184 мыңға өсіп, 5 111 652-ге жеткен. 

Соңғы 3 жылдағы статистика:

Қазақстандықтардың банкке жалпы берешегі қанша?

Ұлттық банктың ресми сайтындағы “Банктердің халыққа тұтыну мақсатына кредиттері” бөлімінде қазақстандықтардың банктерге беретін жалпы қарыз сомасы бар. 2019 жылдың мамыр айында шыққан соңғы мәліметтерге қарайтын болсақ, қазақстан халқының жалпы қарыз сомасы – 3 трлн 568 млрд 718 млн теңге.

Ал, статистика комитетінде 2019 жылдың мамыр айындағы халық саны – 18 489 704 адам.

Қазақстан халқының жалпы қарыз сомасын халық санына бөлген күннің өзінде депутат көрсеткен 330 мың тг шықпайды.

Сондықтан да, Ә.Құртаевтың айтқан 330 мың дерегі – жартылай шындық әрі манипуляция.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz