Манипуляция | Алматы ТМД елдері арасында жазғы саяхатқа қолайлы ТОП-3 қаланың тізіміне енді

Today.kz сайты «Алматы ТМД елдері арасында жазғы саяхатқа қолайлы ТОП-3 қаланың тізіміне енді» деген тақырыппен мақала жариялады.

Манипуляция | Алматы ТМД елдері арасында жазғы саяхатқа қолайлы ТОП-3 қаланың тізіміне енді

Factcheck.kz ТМД елдері арасында туристер көп келетін ТОП-3 қаланың ішінде Алматы расымен бар ма деген сұраққа жауап іздеп көрді.

Үкім: Манипуляция

Алматы шынында жазғы саяхатқа қолайлы ТОП-3 танымал қалалардың тізіміне енді. Бірақ есепке ТМД елдеріне келетін барлық туристер емес, тек ресейліктер алынған.

Манипуляция | Алматы ТМД елдері арасында жазғы саяхатқа қолайлы ТОП-3 қаланың тізіміне енді

Мақала авторлары ТурСтат Сараптама агенттігінің рейтингін негізге алған. Олар 2018 жылдың жаз айларында ресейліктер саяхатқа көп барған ТМД елдеріндегі қалаларды қарастырған.

Сол себепті біз Алматыны ТМД елдері арасында туристерге ең танымал қала деп айта алмаймыз.  Тек ресейліктердің келуі бойынша үшінші орында.

 

Factcheck.kz