Кореядағы аттракцион көрсетілген видео фейк болып шықты 

Маусымның ортасында желіде Оңтүстік Кореядағы ойын-сауық паркіндегі The Gyro Drop  аттракционы көрсетілген видео тараған еді. Желі қолданушылар әткеншектік “қорқынышты” екенін айтып таң қалды. Бірақ Heavy және Tjournal басылымдарының хабарлауынша “қорқыншты” аттракцион көрсетілген видео фейк екен.  

https://platform.twitter.com/widgets.js

Видео аттракцион инновациялы әрі қорқынышты болып көрінетіндей өңделген.  Видеода аттракцион екі есе ұзартылып, арқанға жалғанған отырғыштар жерге қарай түсіріледі де, әткеншек сияқты айналады.

Алдымен видеоны твиттерде @Mewcg және @wonwoobabie желі қолданушылары жариялады, бұл ізді артынша блогерлер мен медиа жалғап әкетті. Жалған видеоны кім және қашан жасағаны белгісіз, алайда кейбірі оның арнайы бағдарламамен өңделгенін біліп қойды.

Мына видеода шын аттракцион көрсетілген

The Gyro Drop 1998 жылы құрылды және бүгінгі күнге дейін Сеулдегі жасанды аралда орналасқан Lotte World саябағының басты аттракционы.

Аттракционда адамдар 70 метрге дейін көтеріліп 228 км/сағ жылдамдығымен еркін құлайды. Әдетте келушілерге VR көзілдірік ұсынылады. Видеода көрсетілгендей орындықтар шыныменде айналады, бірақ адамдар салбырап тұрмайды.  

Factcheck.kz