Қоқыс полигонындағы өрт: жеке меншік иесі ТЖД-нің көмегінен бас тарта ала ма?

15 мамыр күні Алматы облысы Қарасай ауданы Әйтей елдімекеніне жақын жерде шамамен 15.00-де басталып, 18 мамыр 18.10-да толықтай сөндірілген өрт алматылықтарды қорқытып қана қоймай (түтін қаланың жоғарғы бөлігін жауып қалды), түрлі алып-қашпа әңгімелерді тудырып (күкірттің еселенген тотығы мөлшерінен 70 есе асып кеткені туралы), оларды теріске шығарып, жүйелік мәселелерді асқындырған еді. Сонымен қатар тек заң нормаларымен таныса келе жауап беруге болатын кейбір сұрақтарды да туындатты. Мәселен, неге төтенше жағдай жарияланбады? Одан бөлек, мына ақпарат та түрлі ойға қалдырды:

пожар на мусорном полигоне

Азаматтар қалай қабылдады:

Пожар в карасайском районе

Болашақта тағы қандай жағдайлар болатынын білмейміз, сол себепті оқиғаның ақ-қарасын ажыратып көрейік.

Мұндай жағдайда жеке меншік иесі ТЖД-нің көмегінен бас тарта алады

Үкім: Жалған

Қандай жағдай болса да, бас тарта алмайды (!).  ҚР «Азаматтық қорғау туралы» заңын қараймыз. Заңның өрт сөндіруге арналған 63-бабында былай делінген (Заңдағы баптың мәтінінен үзінділер келтіреміз – Авт.):

Елді мекендердің аумақтарындағы, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктің тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі өрттерді сөндіруді мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүзеге асырады.

Өртке қарсы  қызмет тобының өрт сөндіруге шығуы міндетті тәртіппен жүзеге асырылады.

Өрт сөндіру басшысы дара басшылық қағидаттарымен өрт  сөндіру міндеттерін орындауға қатысатын жеке құрамды, сондай-ақ өрт сөндіруге тартылған күштерді басқарады.

Өрт сөндіру басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндеттерін орындаудан шеттетуден және басшылықты өзіне қабылдаудан немесе басқа лауазымды адам тағайындаудан басқа кезде оның қызметіне араласуға ешкім құқылы емес.

Өрттерді сөндіру кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жеке және заңды тұлғаға тиесілі аумаққа, тұрғынжайға және өзге де үй-жайға, жер учаскелеріне кедергісіз кіруге құқы бар.

Жағдай қалай болды?

Krisha.kz жариялаған постқа қарамастан, біз факт жүзінде өртке қарсы қызмет тікұшақпен су шашу көмегіне жүгіне отырып өртті 3 күнде сөндіргенін білеміз.ТЖД-нің видеосын қараңыз.

Біз ТЖ қызметі полигондағы өртті сөндіруде қалай әрекет еткенін білу үшін ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовпен байланысқа шықтық (сөйлесу жазылған – Авт.). Спикердің айтуынша, өрт туралы хабар 16 мамыр күні түнгі 2.03 кезінде түскен. Өрт сөндірушілер бірден оқиға орнына жол тартқан. Оқиға орнында белгілі болғандай:

«…шашумен айналысуы керек еді… олардың өз техникасы бар (соған арналған – Авт.), түн ішінде олар өздері өртті сөндіре алмаған, содан кейін біз сөндіруге кірістік…» (орыс тілінен аударылды)

Бір қызығы, қоқыс полигонын басқаратын Kaz Waste Conversion компаниясының сайтында баспасөз хабарламасы бар, онда өрттің басталу және аяқталу уақыты туралы мынадай мәлімет жазылған:

Пожар в Карасайском районе

Осылайша, өрт басталған уақыттан өртке қарсы қызмет пультіне хабарласқанға дейін 11 сағат өткен. Бұл факт күрделірек сұрақтарды туындатады.

Анықтама үшін, «KAZ WASTE CONVERSION» ЖШС туралы ашық дереккөздерден алынған мәлімет:

Пожар в Карасайском районе

Мұндай жағдайларда билік ТЖ режимін хабарлауы керек

Үкім: Үкім жоқ

ҚР «Азаматтық қорғау туралы» заңның 1-бабы, 66-тармағына сәйкес төтенше жағдай – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зияны әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.

Заңның 48-бабына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды:

    1. Жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
    2. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері жүзеге асырады.

Егер авария, табиғи зілзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектінің аумағы шегінен шықса және облыстың екі ауданының шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай салдардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:

    1. 10-нан астам, бірақ 50-ден көп емес адам қаза болса;
    2. 100-ден астам, бірақ 500-ден көп емес адамның тіршілік әрекеті жағдайлары бұзылса;
    3. Адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері он бес мыңнан жүз мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Егер авария, табиғи зілзала немесе апат салдарында төтенше жағдай аймағы  бір облыстың кемінде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай Қазақстан Республикасының екі облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай салдардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:

    1. 50-ден астам, бірақ 200-ден көп емес адам қаза болса;
    2. 500-ден астам, бірақ 1500-ден көп емес адамның тіршілік әрекеті жағдайлары бұзылса;
    3. Адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері жүз мыңнан екі жүз мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Гипотетикалық мәтінде ТЖ-дың шығу жағдайлары біршама берілгендіктен («…салдардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса…»), үкім шығарып өзімізге жауапкершілік алмаймыз.

Факт бойынша оқиға көрсетілген ТЖ түрлеріне жатпайды (фактіге негізделген салдары болмағандықтан). Республикалық маңызы бар қала тұрғындарының денсаулығына түтіннің АЕК есептеуге тұрарлық зияны болды ма? – жауап беруге біздің күшіміз жетпейтін, фактчекингтің шегінен шығып кететін сұрақ.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz