Кейс: фейктің кесірінен кәсіпкер АҚШ-тың санкциялық тізіміне еніп кете жаздады

25 ақпан күні әлемнің алдыңғы қатарлы қаржылық басылымдарының бірі Bloomberg Венесуэла президенті Николас Мадуро Венесуэла салық төлеушілерінің миллиондаған долларларын Қазақстаннан шыққан қазіргі Ресей азаматы Нұрлан Байділданың қорындағы жеке шотта сақтайды деген жорамал материал жариялады.

Кейс: фейктің кесірінен кәсіпкер АҚШ-тың санкциялық тізіміне еніп кете жаздады

Мақаладағы ақпараттың дереккөзі ретінде өздерін Хуан Гуайдо деп бекіткен үкіметтің АҚШ-пен өзара қарым-қатынасына жауап беретін венесуэлалық оппозиционер Карлос Веккио көрсетілген. Журналистің Веккиоға хабарласуына соңғы твиттері себеп болды. 25 ақпан күні ол: «Біз Венесуэла халқына ұрланған активтерін қайтару үшін халықаралық дәрежеде жұмыс істеп жатырмыз. Мадуро мен оның айналасындағылар ел байлығын тонап жатыр. Жемқорлық венесуэлалықтарды ақшасынан ғана емес, болашағы мен құқықтарынан да айыруда. Біз ұрланған активтерді қайтару мақсатында тергеу жүргізіп жатырмыз. Қазірдің өзінде бұл қаражаттың көп бөлігі Nurlan Baidilda Ltd. қорындағы диктатор Николас Мадуроға тиесілі жеке шотта сақтаулы деп пайымдауымызға себеп бар».

Кейс: фейктің кесірінен кәсіпкер АҚШ-тың санкциялық тізіміне еніп кете жаздады

Нұрлан Байділда ТМД-да өзін «тендерден 13 жылдық тәжірибесі бар сарапшы, сериялық кәсіпкерлікте жүздеген сәтті кейстері бар бизнес маманы» ретінде таныстырып жүр. 26 ақпан күні ол өзінің Instagram парақшасында Bloomberg агенттігің жаңалығы «таңқалдырғанын» жазды. Ол мақаланың көптеген мүлт кеткен жерлерін көрсетіп, «алдын ала шешім қабылдамауға» шақырды. Оған қоса БАҚ хабарламасын да жоққа шығармады. «…тендермен жұмыс істеуді оқыту кезінде түрлі жүздеген адам инвестициялайды. Мен үшін саяси көзқарастарына қарамастан, олардың табысқа қол жеткізгендері маңызды», – деді ол өзінің «Tender First» компаниясындағы жұмысы туралы.

Қазақстан үкіметі бұл жаңалыққа ресми түрде тек бір апта өткен соң жауап берді. 4 наурыз күні Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов тілшілерге бұл жағдай туралы нақты ештеңе білмейтінін және жаңалықты «тексеру мүмкін еместігін» айтып, оны «фейк» деп атап өтті.

Кейс: фейктің кесірінен кәсіпкер АҚШ-тың санкциялық тізіміне еніп кете жаздады

Бір пранктың тарихы

6 наурыз күні Владимир Кузнецов (пранкер Vovan ретінде көбірек танымал) Facebook-та өзінің әрекеттері арқылы Байділданың венесуэлалық көшбасшылардың ақша жымқыруына қатыстылығы туралы фейктің таралуына жол ашқанын жазды.

19 ақпан күні Кузнецов «әріптесі» Алексей Столяров (пранкер Lexus) екеуі АҚШ-тың Венесуэладағы арнайы елшісі Эллиот Абрамспен телефон арқылы сөйлеседі. Телефонда олар өздерін Швейцария қаржы департаментінің басшысы және президенті ретінде таныстырған. Пранкерлер америкалық шенеунікке «швейцариялық банктерде Мадуроның жақындарының жеке шоттары бар» екенін айтып, Гуайдоның «уақытша президентімен» байланыс орнатуға көмектесуді сұрайды. Абрамс қажетті амалдарды жасап, бірнеше уақыттан кейін пранкерлерге Карлос Веккио жазады.

Хат алысу кезінде венесуэлалық оппозиционер Мадуроның жеке шотын швейцарлықтардың тапқан-таппағанын сұрайды. «Оған жауап ретінде біз Нұрлан Байділда есімді азаматтың Tender First (Nurlan Baidilda Ltd) атты қорын тапқанымызды және Мадуроның жеке активтері сонда сақталғанын айттық. Байділда әлеуметтік желілерде өз мансабы туралы көп жарнама бергендіктен кездейсоқ таңдалды», – деп түсіндірді Кузнецов.

«Елшіге кейбір заңнамаларға байланысты қазіргі уақытта бұл қордың шоттарын блоктай алмайтынымызды, бірақ Веккио бұл ақпаратты БАҚ-тарда жариялап бізге көмектесе алатынын айттық. Өйткені, Мадуроның ақшаларын сақтайтын қор туралы ақпарат жария болғаннан кейін қор барлық активтерін Швейцариядан алып шығуға тырысады дедік. Ал бұл ақша жымқырды деген күдігімізге негіз болады. Әрине, Веккио келіседі, тіпті «қателесіп кетпес үшін» мәлімдеменің жалпы мәтінін жіберуді сұрайды. Елші біздің текстті алады. Сонымен қатар ол Bloomberg басылымымен байланысқа шығып, осы жайтқа байланысты сұхбат береді. Веккио Bloomberg –тегі мақаланың қашан шығатынын айтып, өзгертетін жерлері болса деген оймен мәтінді жібереді»,- деп жазды Кузнецов, дәлел ретінде Веккиомен хат алмасуының скриндерін көрсете отырып.

Кейс: фейктің кесірінен кәсіпкер АҚШ-тың санкциялық тізіміне еніп кете жаздады

Атап өтейік, ресейлік пранкерлердің негізгі мақсаты Нұрлан Байділда компаниясына дискредитация жасау емес еді. БАҚ алдау амалын журналистік зерттеу ретінде түсінуі керек дейді. Осы арқылы олар Венесуэладағы саяси жағдайға байланысты АҚШ-тың қалай әрекет ететінін анықтауға тырысып, елге әскер кіргізу нұсқасын алып тастады. Сонымен бірге Абрамс санкциялармен жұмыс істейтін АҚШ қаржы министрлігінде Венесуэла үкіметі шенеуніктерінің ақша жымқыруына қатысы бар компаниялар мен тұлғалардың тізімін жасаумен айналысып жатқанын анық түсіндірді.

Фейкті мойындау

6 наурыз күні Bloomberg журналистері пранк туралы жаңалыққа пікір алу үшін тағы да Веккиомен байланысқа шықты. Ол «ақша онда болмауы мүмкін (Байділданың қорында емес – ред.). Біз тергеуді жалғастыруымыз керек», – деді. Жарияланған материалда Нұрлан Байділданың аты мүлдем аталмайды, жаңалықтың сайттағы алғашқы нұсқасы қолжетімсіз.

Кейс: фейктің кесірінен кәсіпкер АҚШ-тың санкциялық тізіміне еніп кете жаздады

Карлос Веккио болған жайтқа әлеуметтік желілерде басқа пікір білдірмеді, ал Нұрлан Байділда пранк туралы жаңалыққа «иығымнан ауыр жүк түскендей болды» деді. Ол өз компанияларының қаражатын блоктаудың алдын алу үшін халықаралық заңгерлерді іздестіруді бастап кеткенін айтты. Сонымен қатар Байділда Bloomberg агенттігі журналистерінің «біртүрлі әрекетіне» таңданысын жасырмады. «Олар жағдайды анықтау үшін менімен байланысқан да жоқ, яғни фейктің таралуына себеп болды».

Венесуэланың ақпарат және байланыс министрі Хорхе Родригес те пранкқа пікір білдірді: «Егер бұл соншалықты қайғылы болмағанда күлкілі болар еді». БАҚ-тың сөзіне сенсек, бұл хабарламаға Венесуэла президенті Николас Мадуро ретвит жасаған.

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz