Қазақстандықтар «Уральская неделя» газетінің бас редакторына көмектесті

«Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедьяровқа салынған айыппұлды төлеуге Қазақстандықтар көмектесті. Күні кеше Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты журналистке полицияға бағынбағаны үшін 20 АЕК (50 500 теңге) көлемінде айыппұл салды

Кейінірек Ахмедьяровтың банк шотына еріктілер 50 336 теңге жинап, айыппұлды түгелдей төлегені анықталды. Бас редактор Facebook парақшасында:

«Достар, рахмет! Айыппұлдың ақшасы жиналды! Бәріне рахмет!» деп жазып, банк шотының электронды үзінді көшірмесін көрсетті.   

Полицияның айтуы бойынша журналист полиция департаментінің қызметкерлерінің айтқанын орындамаған. Маусымның 12-сі күні Ахмедьяров митинг өткен жерде болған және полиция бөлімшесіне баруға бас тартқан.

Келесі күні журналист фейсбук парақшасында: «мұны «ұстау» деп емес, «жеткізу» деп ашық айтты. Ұстау бойынша хаттама толтырудан бас тартты, алайда толтыруға мәжбүрледім» деп жазды.

Бас редактор кінәсін мойындамады, оның ойынша полиция қызметкерлері журналистік қызметіне кедергі келтірді.

 

Factcheck.kz