Қазақстанда сайлау қалай өтті?

Маусымның тоғызы Қазақстанның барлық сайлау орталықтары өз жұмысын астана уақыты бойынша таңғы 7:00 бастады. Уақыт айырмашылығына байланысты Ақтөбе, Ақтау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жұмыс 8.00 басталды. Қазақстанда 9967, ал шет елде 65 сайлау учаскесі ашылды.  

Наразылық акциялары

Түске жақын Алматыда полиция режиссер және Vласть журналының журналисі Катя Суворова мен саясаттанушы Димаш Альжановты тұтқындады. Суворованың айтуы бойынша оларды «Астана» алаңында түскі сағат 12-де басталған наразылық акциясына бет алғанда тұтқындаған. Түске таман алаңның саябағында полиция наразыларды жаппай тұтқындады. Сонымен қатар, рұқсат етімлеген митинг астанада «Жастар» сарайының алдында өтті. Sputnik Казахстанның хабарлауынша бірінші вице-министр Марат Қожаев екі қалада да жүздеген адам тұтқындалғанын мәлімдеген.   

«Алматыда және астанада рұқсат етілмеген митингке шыққан шамамен 500 адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Астанада Республика даңғылы және “Жастар” сарайы ауданында жол қозғалысына кедергі келтірді» деп хабарлады Марат Қожаев. 

Оның айтуы бойынша үш полиция қызметкері жарақат алған. Біреуі бұрышты баллоннан күйік алды, ал қалған екеуін тас лақтырып жарақаттаған.

Марат Қожаев «әлеуметтік желілерде полиция әрекеттерінен зардап шеккен адамдар жайлы, тіпті бір адамның өлімі жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша ешкім медициналық мекемелерге көмек сұрап келмеген» деп желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Астанада митинг өткен жерде 12 адам медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Адамдардың көбі гипертониялық күрт асқынуға шағымданған. Құқық қорғаушылардың хабарлауынша тұтқындалғандардың тағдыры әлі шешімлмеді.

Рұқсат етілмеген үгіт-насихат

Түске қарай бас прокуратура тыйымға қарамастан әлеуметтік желілерде жасырын үгіт-насихат жүріп жатқанын мәлімдеді. Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаевтың мәлімдемесін Vlast сайты хабарлады. Дембаевтың айтуы бойынша азаматтардың кімге дауыс бергенін көрсететін фотосуреттер де үгіт-насихатқа жатқызылады. Сондай-ақ, «сайлау аяқталғанша, яғни 20:00-ге дейін, протоколды жариялауға болмайды». Прокурор құқықбұзушылықтар үшін салынатын әкімшілік жазаларды еске салды.

Кешке қарай Дембаев Қазақстан президентіне сайлау тыныш өтіп жатқанын айтты. Оның бұл мәлімдемесін Informburo.kz сайты жариялады. Заңбұзушылықтар астанада, Алматы қаласында, Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында орын алды. Оның ішінде заңсыз үгіт-насихат, дауыс берушілердің қолына бірнеше бюллетеннен беру, жәшікке 2-3 бюллетень салу және екі түрлі учаскеде дауыс беру фактілері тіркелген. Бұл фактілер бойынша 18 әкімшілік іс қозғалды. Іске қатысты барлық материалдар сотқа тапсырылды. Заңбұзушылыққа жол берген комиссия мүшелері жұмыстан босатылды.

Қатысу, exit-poll нәтижесі және сайлаудың алдын-ала қорытындысы

ОСК-ның мәліметі бойынша сайлауға қатысу үлесі 77,4%. Түнгі сағат 12-ден кейін ОКҚ-да «”Қоғамдық пікір” институтының» ұйымдастыруымен экзитпол нәтижесі бойынша брифинг өтті. Informburo.kz сайты өткізген сауалнама нәтижесі бойынша:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев (Nur Otan партиясының атынан) – 70,13%
  • Әміржан Қосанов (“Ұлт тағдыры” қозғалысының атынан) – 15,39%
  • Дания Еспаева (“Ақ жол” демократиялық партиясы) – 5,32%
  • Жамбыл Ахметбеков (Қазақстан Коммунистік Халық партиясы) – 3,86%
  • Төлеутай Рахымбеков (“Ауыл” партиясы) – 3,03%
  • Амангелді Таспихов (кәсіподақтар бірлестігі) – 1,41%
  • Сәдібек Түгел («Ұлы дала қырандары» қоғамдық қозғалысы) – 0,86%

Экзитполды өткізген екінші ұйымның, “Молодёжь” ғылыми зерттеу орталығының директоры Талғат Калиевтың айтуынша Тоқаев 69,94% дауыс жинаған. Кеше 10 маусым ОСК дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялады. Үміткерлердің толық тізімін және олардың жинаған дауыстарын Informburo.kz сайты жариялады.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев (Nur Otan партиясының атынан) -6 504 054 дауыс немесе 70,76%
  • Әміржан Қосанов (“Ұлт тағдыры” қозғалысының атынан) – 1 472 733 дауыс немесе 16,2%;
  • Дания Еспаева (“Ақ жол” демократиялық партиясы) –478 153 дауыс немесе 5,2%;
  • Жамбыл Ахметбеков (Қазақстан Коммунистік Халық партиясы) – 167 249 дауыс немесе 1,82%;
  • Төлеутай Рахымбеков (“Ауыл” партиясы) – 294 271 дауыс немесе 3,2%;
  • Амангелді Таспихов (кәсіподақтар бірлестігі) – 190 304 дауыс немесе 2,7%;
  • Сәдібек Түгел («Ұлы дала қырандары» қоғамдық қозғалысы) – 84 348 дауыс немесе 0,92%.