Қанат Бозымбаев уәдесінде тұрды ма?

Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы 2016 жылғы наурыздың 25-інен бері энергетика министрі. Бозымбаев ведомствосы есте қалған шулы оқиғалардың бірі – 2017 жылы АИ-92 бензинінің дефициті мен қымбаттауы. Осы жағдайдан кейін Назарбаев
министрге сөгіс жариялаған. Бозымбаевтың кезінде Атырау, Павлодар және
Шымкент мұнай өңдеу зауыттары модернизацияланды. Қанат Алдабергенұлы қызметте жүрген мерзімінде берген уәделерінің көбі зауыттар модернизациясының аяқталатын уақытына, ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтуға және Сарыарқа газ құбырының құрылысына қатысты еді.

Мерзімі 2018 жылы аяқталатын уәделер

1. Мұнай өңдеу зауыттары істен шығып қалған жағдайда жанар-
жағармай бекеттері үшін резерв жинау туралы. Министр
informburo.kz басылымына берген сұқбатында: “Әзірге айта алмаймын, бірақ келесі жылы резерв жиналған кезде белгілі бір модель ұсынамыз”, – деген.
2. Төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы. zakon.kz: “Өзім
басқаратын жұмыс тобы мен “ҚазМұнайГаз” айналысып жатқан алдын
ала техникалық-экономикалық негіздеменің мерзімі 2018 жылдың
екінші жартысы”, – деген.
3. informburo.kz: Министр “Жыл соңына дейін, жұмыс аяқталып жатса,
келесі жылдан бастап: бензиннің – 100%, дизель отынының –
100%, әуекеросинінің 100% өз зауыттарымызда жасалады”, –
деген.

Өзге уәделері:

1. YouTube: Қазақстанның балама энергия көздерін қайда
орналастыру қолайлы болатынын анықтайтын карта жасауды уәде
еткен.

2. inform.kz: “2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы,
Қызылорда, Жамбыл облыстарында 70 елді мекен газбен қамтылады.
2016-2020 жылдар аралығында елді газдандыру үшін “ҚазТрансГаз”
ұлттық операторы есебінен қосымша қаржы аламыз. Осылайша,
Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы
14 ірі елдімекенді газбен қамти аламыз. Индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасының аясында “Бейнеу-Бозой-Шымкент” газ
құбырының бір желісі іске қосылған. Жоба толық қуаттылыққа көшке
соң, еліміздің оңтүстігіндегі алты жүзге жуық елді мекен газбен
қамтылады. Сонымен қатар, Қытайға газ экспорттай аламыз”, — деп
хабарлады министр.

3. inform.kz: “Каспий теңізінен мұнай өндіргенде аймақтың экожүйесі
бұзылады деп алаңдайтындар бар.  Әсіресе сол маңдаңы тұрғындар
уайымдайды. Бұл жағы біздің бақылауымызда болады. Кез келген
шешім көпшілікпен талқылағаннан соң қабылданады. Жұрт
қолдамаса, қандай жоба болмасын іске асырудан бас тартамыз.
Сондықтан алаңдаудың жөні жоқ”, – деді министр.

Тесті мына сілтеме арқылы тексеруге болады

1. kaztag: Қазақстанда күн райын 90 пайыз дәлдікпен болжамақ
1.1 informburo.kz: Астанадағы дауылды ескертуге Қазгидрометке арнаулы құрылғының
болмауы кедергі болған

2. inform.kz: Бозымбаев қоршаған ортаны қорғауға уәде берді
2.1 Энергетика министріні бұйрығы

3. inform.kz: Маңғыстау сұйытылған газ нарығындағы жағдайды реттеу үшін арнаулы
комиссия жұмыс істей бастайды
3.1 tumba.kz: «Қазақстан газ өндіру зауыты» ЖШС: Газдың қазіргі бағасымен зауыт
шығынға ұшырайды

4. informburo.kz: Газификация Астаны: Минэнерго определило срок разработки ПСД
4.1 kapital.kz: «Самрук-Казына» профинансирует 20% строительства
газопровода «Сарыарка»

5. kapital.kz: Қанат Бозымбаев үш мұнай өңдеу зауытының модернизациясы туралы
айтты
5.1 anpz.kz: Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды тереңнен өндіру жұмыстары
басталды

6. kapital.kz: Қанат Бозымбаев үш мұнай өңдеу зауытының модернизациясы туралы
айтты
6.1 24.kz: Павлодар нефтехимиялық зауытының модернизациясы аяқталды

7. kapital.kz: Қанат Бозымбаев үш мұнай өңдеу зауытының модернизациясы туралы
айтты
7.1 af.reuters.com: China’s CNPC completes upgrade at Kazakh’s Shymkent refinery

8. primeminister.kz: Қанат Бозымбаев “Сарыарка” газ құбырының іске қосылатын
уақытын айтты
8.1 informburo.kz: Астана газификациясы: мерзімі, кредиттер, газ дефициті мен жоғары
тариф

9. informburo.kz: Қанат Бозымбаев: Келер жылы бензин 100 пайыз өзіміздікі болады
9.1 stat.gov.kz: Сыртқы сауда есебі
forbes.kz: Энергетика министрі: Атырау мұнай өңдеу зауытының модернизациясы 2016
жылдың соңына дейін аяқталады

10. forbes.kz: Энергетика министрлігі: Атырау мұнай өңдеу зауытының модернизациясы 2016 жылдың соңына дейін аяқталады
10.1 online.zakon.kz: ҚР Энергетика министрінің 2018 жылы шілденің 3-індегі № 262
бұйрығы

11. kazpravda.kz: Қазақстанда 2017 жылдың екінші жартысынан бастап Евро-4 және
Евро-5 шығара бастайды
11.1 www.kmg.kz: Шымкент мұнай өңдеу зауыты К4, К5  дизель отынын шығара
бастады

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz