Израиль партиясы Facebook-тағы фейк үшін полицияға шағымданды

Желіде фейк жаңалықтар таратқандарға шағымданып,  екі рет сотта жеңген «Гешер» партиясы, полицияға тағы да жүгінді. Олардың айтуынша “партия Кнессеттегі(Израильдағы бірпалаталы парламент) сайлауға қатыспайды” деген жалған Facebook скриншоттар әлеуметтік желілерде  тарап жүр. Парламенттің сайлау қарсаңындағы ақпараттық күресі жайлы Mignews.com хабарлады.  

Партия өз хатында «дәл қазіргі сәтте сайлау нәтижесіне әсер ететін қылмыстық іс-әрекеттер орын алуда. Бұл жағдай, яғни партия және партия өкілдерінің жалған ақпарат таратуы шеттен шыққандық» дейді.

Осыған дейін «Гешер» сотта «Ликуд» және Оңшылдар одағы  партиясына қарсы істе жеңіп шықты. Сайлауда Леви-Обукасистің (партия басшысы) Кнессетте жеңу ықтималдылығын төмендететін анонимді хат таратқаны үшін  екі партия да 7500 шекел (795 мың теңге — ред.) айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

 

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz