Ірі тапсырыстарға қарамастан шығыны көп: мемлекеттік ақпараттық тапсырысты талдау

Мемлекет тендер арқылы өңірлік медиаларды қаржыландыратыны құпия емес. Бұл процесс конкурс өткізу арқылы мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізіледі. Жалпы бұл мемлекеттік ақпараттық тапсырыс жүйесіне, оны іске асыру процесіне сарапшылар тарапынан және БАҚ өкілдерінен бірнеше рет шағым айтылды. Біз мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың экономикалық тиімділігін қарастырып көрдік, себебі оның басты міндеттерінің бірі — отандық медианы қолдау. Осыған орай 2018 жылды басты назарда ұстай отырып, соңғы жылдардағы жағдайды талдап көрелік.

Мемлекеттік сатып алуға үнемі қатысатын бірқатар медиаұйым аймақтарда мемлекет үшін 13,6 млрд теңгеге ақпараттық қызмет көрсеткен. Осы ұйымдарды зерттеп көрейік. (Материалдағы барлық мәліметтер goszakup.gov.kz порталындағы деректерді талдау арқылы алынды).

Мемлекеттік сатып алуға қатысатын ТОП-20

ТОПқа кіретіндер:

  • телерадио хабар тарататын бір ұлттық оператор («Қазтелерадио»);
  • 5 телеарна (Qazaqstan, Аlmaty, «31 арна», «Хабар», «Жетісу» телеарнасы»);
  • 14 аймақтық газет.
  • «31 арна» – бұл тізімдегі жалғыз жеке меншік ұйым, қалғандарының
    құрылтайшысы – мемлекет немесе әкімдік.

Іске асқан сатып алулар бойынша бірінші орында «ТРК Қазақстан» АҚ – 2,6 млрд теңге, екінші орында «Жетісу телеарнасы» ЖШС – 1,6 млрд теңге (Алматы облысы), үшінші орында «ТРК ЮС» АҚ (барлығына «Алматы» телеарнасы ретінде белгілі) – 1,3 млрд теңге.

Шығыны көп

Мемлекеттік сатып алу бойынша қомақты соманы іске асырғанына қарамастан бұл ТОП-тың арасында шығыны көп ұйымдар да бар. Атап айтсақ – ондаған ірі хабар таратушының екеуі:

  • «Қазтелерадио» АҚ-ның 2018 жылғы жалпы жиынтық пайдасының көрсеткіші – минус 671 млн теңге. Қаржылық есептің түсіндірме жазбасы хабарлайды: «2017 жылы акционерлік қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің қорытынды шығыны (-670 930) мың теңге».
  • «Жетісу» телеарнасынан қызық қайшылықты байқаймыз. 2018 жылғы шығын (минус 118 млн теңге), алайда дәл сол жылы телеарна 1,6 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алуға қатысқан.

Мемлекеттік сатып алуға қатысқанына қарамастан, 2018 жылы шығыны көп
болған басқа да медиалар:

Басқа мысал, «Шығыс Ақпарат» іске асырылып жатқан сатып алулар бойынша сомалардың артуына байланысты кірісті де көбейте алған. Ұйымда 2016 және 2017 жылы шығын бар, алайда 2018 жылы 538 млн теңгеге сатып алуға қатысып, 44 млн теңге табыс тапқан.

Жауап алдын ала белгілі

Сатып алулар (мысалы, осындай) бір көзден алу тәсілімен орындалған және ол бәсекелестікке жатпайды деп саналады. Тапсырыс беруші бір көзден сатып алуды іске асыру кезінде өнім берушіні тікелей таңдайды, осылайша тендер конкурстық іріктеусіз және бәсекелестіксіз өтеді.

Адамдар не көреді?

Мұндай қолдау қаншалықты тиімді екені туралы ойланып көруге болады. Ол үшін мемлекеттік сатып алуға ең көп қатысатындарды және қазақстандықтар шын мәнінде қарайтын отандық телеарналарды салыстырып көрейік.

Көріп тұрғандай мұнда мемлекеттік сатып алуға қатысатындар көп емес: қазақстандықтар көп көретін телеарналардың қатарында «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына кіретін сегіз телеарнаның тек екеуі ғана бар, ол – Qazaqstan және Qazsport. Қалған алты телеарнаның 5-і жеке меншік және біреуі мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының Қазақстан Республикасындағы ұлттық филиалы.
2019 жылғы 15 ақпандағы мәлімет бойынша ҚР ИДМ-ның отандық телеарналар тізілімінде 151 арна тіркелген.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz