Google балаларға фейк жаңалықтарды анықтауды үйретеді

Google балаларға арналған Be Internet Awesome ақпараттық сауаттылық бағдарламасына жаңа бөлімдер қосты. Компанияның блогында жарияланған ақпаратқа сәйкес медиасауаттылық курсында балалар фейк жаңалықтарды, сенімсіз ақпаратты анықтауды үйренеді.  

Компания бағдарламаға жаңа алты бөлім (№2. «Don’t Fall for Fake) қосты. Жаңа бағдарлама балаларға боттардың кім екенін түсіндіреді және фишингтік шабуылдарды алдын алуға, ақпаратты тексеріп, дереккөзге зерттеу жасауға, дезинформацияны, жалған URL-ді анықтауға көмектеседі. 

Бағдарламаның жаңа бөлімдері медиа сауаттылықты зерттеу жөніндегі Ұлттық қауымдастықтың құрылтайшысы және «Teacher’s Guide to Media Literacy» кітабының авторы Энн Коллимен бірлесіп әзірленді.

Сондай-ақ, балалар интернет-дереккөздерін тексеріп, сын тұрғысынан ойлануды үйренеді. Бағдарлама авторларының мақсаты  балаларға интернеттегі барлық ақпарат шындық емес екенін түсіндіру.

Фишинг бөлімінде балалар бұл техниканың жұмысы, одан қорғану және оның неліктен қауіпті екенін біле алады. Олар сондай-ақ күдікті хабарламар, достардан сұранымдар, суреттер және электронды хаттар мысалында фишингке қарсы әрекет етуді үйренеді.

Боттар бөлімінде балалар жасанды интеллекттің жұмыс істеу тәртібі және шынайы адам мен бот арасындағы айырмашалықты анықтайды.

Медиасауаттылық курсының келесі бөлімінде балалар сенімді дереккөз ұғымымен таныса алады. Сонымен қатар, «егер бір адам белгілі бір саланың сарапшысы болса, автоматты түрде барлық саланың сарапшысына айналмайтынын» түсінеді. 

Медиасауаттылық курсының басты мақсаты балаларды тек күдікті емес,  кез-келген ақпаратты тексеруге баулу. Жаңа дәрістерді мұғалімдер де тыңдай алады. Курс материалдары 8 тілге аударылғанымен, әлі орыс және қазақ тілдерінде жоқ. 

 

 

Factcheck.kz