Франция билігі Нотр-Дам шіркеуіне қалай қауіпсіз қайырымдылық жасауға болатыны жайлы айтты

Франция билігі Нотр-Дам шіркеуін қайта қалыпқа келтіру үшін қаржыны жіберу жолдарын түсіндірді. Хат үкіметтің ресми сайтында жарияланды.

Хатта шіркеуді қайта қалпына келтіру үшін “әрбір адамның жомарттығы қажет” деп жазылған. Ашық және қауіпсіз түрде қаржы жіберу үшін төрт түрлі ұйым өз қызметін ұсынды. Олар: ұлттық ескерткіштер орталығы, Нотр-Дам қоры, мәдени мұра қоры және Франция қоры.

Нотр-Дам шіркеуіндегі өрт сәуірдің 15-і кешке басталды. Өрт ғимараттың шатырында тарай бастады. Нәтижесінде төбесі, сағат және шатырдың көп бөлігі құлады. Өрт сәуірдің 16-cы  таңертен сөндірілді. Өрт сөндірушілер шіркеудің қаңқасын және екі мұнараны аман алып қалды. Макрон «бүгінгінің үздік құрылысшыларының» көмегімен шіркеуді қайта қалыпқа келтіруге сөз берді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz