Фейсбуктың екіжүзді ойыны, Трамптың кезекті өтірігі, Snapchat көмегімен фактчекинг жасау

Factcheck.kz сәуір айындағы шолуында – Франциядағы сайлау және Snapchat, Фейсбуктен постшындық, Балтық жағалауындағы фейк жаңалықтар фабрикасы және фактчекинг әлемінің басқа да жаңалықтары. Қатемен жұмыс:

Дональд Трамп

Дайджесімізді фактчекинг ұғымын танымал еткен Дональд Трамптан бастауды жөн көріп отырмыз. The Washington Post оған «Трамп Туиттерде бұл аптада неден қателесті?» айдарын арнаған.

Трамп 10 туитта қателескен, атап айтқанда, сайлауалды науқан кезінде бірнеше рет қайталаған «Қытай валюта нарығында манипуляция жасап отыр» деген сөзінен бас тартқан; MS 13 сияқты қауіпті бандалардан Американың қалаларын тазалайтын Супермен сезініп, оларды елге Барак Обама кіргізгенін айтқан (бұлардың Обама президент болғанға дейін көп бұрын пайда болғанын естен шығарып алған); сондай-ақ, 90 күн ішінде сыртқы саясатқа ықпал ете алмағанына қапаланған. Шындығында мұндай мерзімде Америка президенттерінің баршасы дерлік ықпал етіп үлгермеген еді. Әлбетте, Обама, Теодор Рузвельт пен кіші Джордж Буштан басқасы.

Фактчекинг әлемі: Шығыс Еуропа және Кавказ маңы

Дегенмен, барлық саясаткерлер қателесіп жүр деуге болмайды. Мәселен, аздап көтермелеп айтқаны болмаса, Михаил Саакашвилидің Грузияның бюджеті артты деген пікірі шындыққа сәйкес келеді. Саакашвили жүргізген реформалардың арқасында грузин кәсіпкерлерінің жүгі жеңілдей түсті, бизнеске салынатын салық 68%-ға кеміді.

Былтырғы Трамп пен Клинтонның текетіресі кезінде пайдаға кенелген және қымбат көлігі бар жергілікті қыздарды әшкерелеген македониялық жасөспірімдер туралы естіген боларсыздар. Бүгінгі әңгіме фейк жаңалықтар шығаратын басқа фабрика туралы. Бұл фабрика да Шығыс Еуропада, дәлірек айтқанда rubaltic.ru контенті Балтық жағалауының аудиториясына арналғанымен, редакция, өздерінің айтуынша, әр елде орналасқан. Сайт «Русская Балтика» қоғамдық-саяси зерттеулер орталығына тиесілі, бұл орталық та журналистерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырады, stopfake.org сайтының айтуынша, оларды ресейлік үгіт-насихатшылар оқытады. Vox Ukraine деп аталатын украиналық тағы бір фактчекинг жобасы «Өтіріктің антологиясы: бір жыл бойы бақылау нәтижесінде саясаткерлердің өтірігі мен магипуляциясы туралы не білдік?» деген тақырыппен өткен жылды қорытындылады.  

Әлеуметтік желі: екіжүзді стандарттар және саясат

Facebook фейк жаңалықтарды анықтауға әрекеттене бастады, бірақ әзірге терминдер мен анықтамалардан қателесу байқалады. NY Magazine айтуынша, тіпті, «нақты» (accurate) және сенімді (believable) сөздері гиперполярлы саяси және медиа кеңістікте өзінің бастапқы мағынасын жоғалтады екен. Facebook фейк жаңалықтарды анықтаумен қатар, өз қосымшаңның ішіндегі камераң үшін жаңа тетіктерді ұсынды, атап айтқанда, мұқият таңдаған кадрға сырттан кіріп кетіп, сәнін бұзған адамды өшіріп тастауға болады. Buzzfeed постшындық туралы сауал қойып, Цукербергке шағым айтуда.

Француздық LeMonde болса, Snapchat көмегімен инфографика және визуалды гидтерді пайдалана отырып, фейктерді іздеуді үйретуде. Бұл елде сайлау науқаны жақындап келеді, сондықтан Кардашьян әулетіне қатысты соңғы қауесетпен қатар, саяси жаңалықтар да қосымшада жиі пайда болады деуге болады. LeMonde қосымшаны пайдаланушылар арасындағы өз пікірін айтып, шағын видео түсіріп жібергендерді ынталандыруды да бастап кетті. Мұның барлығы екі шоқып бір қарау керектігіне нұсқайды.

Аударған Жұлдыз Әбділда

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz