Фейкпен күрес: Индонезия билігі әлеуметтік желіде шектеу қойды

Индонезия жалған ақпараттың таралуын және зорлыққа үндеу хабарламаларын алдын алу үшін әлеуметтік желіні қолдануда шектеу қойды. Reuters-тің хабарлауынша бұл шара Джакартада болған екі күндік наразылықтардың аясында қолданылған. 

Өткен сенбіден бері әлеуметтік желіде зорлық-зомбылыққа үндеу хабарламалары  сайлауда президент Джоко Видодо жеңгеннен соң көбейіп кетті. Оның қарсыласы Прабово Субианто шешімге қарсы шықты.

Джакарта көшелерінде болған қақтығыстар нәтижесінде алты адам қайтыс болды. 

Қауіпсіздік министрі Виранто «топтар арқылы арандатуларды, жалған ақпараттың таралуын алдын алу үшін әлеуметтік желідегі кейбір қызмет түрлеріне шектеу қоямыз» деп мәлімдеді.  

Twitter, Facebook, Instagram және Whatsapp желілерін видео немесе фото жүктеу мүмкіндігіне шектеу қойылды. 

Байланыс министрі Рудиантара журналистерге 130 миллион қолданушысы бар алып Facebook желісі уақытша бұғатталатынын хабарлады.  

Индонезияның диффамация жайлы заңға сәйкес жалған ақпаратты жасау және тарату заңсыз және қатаң жазаланады.

Factcheck.kz