Фейк пе, жаңалық па? НУ ғалымдары күдікті марапатты не үшін алды?

11 мамыр күні NewTimes.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме бере отырып мынадай тақырыппен материал жариялады: «Назарбаев Университетінің ғалымдары физикадан әлемдік жаңалық ашты». Сенсациялық жаңалық аясында шу көп болды, көпшілігі, тіпті ғалымдар да бұл жаңалықты шынайы деп қабылдамады.

Factcheck.kz оның қандай зерттеу екенін және неге басқалар оны фейк деп есептегенін анықтап көруге тырысты.

НУ ғалымдарының ашқан жаңалығы қандай?

Назарбаев университеті ғалымдарының зерттеуі графеннің жаңа мүмкіндіктерін анықтауда болып тұр.

Қазір графен ғылыми зерттеулер үшін ең танымал материал. Оны революциялық деп атайды, өйткені ол болаттан мықты және қауырсыннан жеңіл, сонымен қатар қалыңдығы бір молекула болатын тамаша жылу және электрөткізгіш.

НУ зерттеу тобы графеннің тағы бір қырын (қолданысын) тапты: «Лабараториялық тәжірибе барысында бұрын ғылымға белгісіз құбылыстың теориялық моделі жасалды: пьезокристалдың үстіңгі қабатында амплитуданың акустикалық жүгіртпе толқындардың  жоғары жиілікті электр тогынан туған, бірақ тұрақты токпен күшейген кедергісіз артуы болды. Сонымен қатар, акустикалық толқынның энергиясы қазіргі акустикалық сигналдан өлшеусіз күшті болды», – деп жазды NewTimes.kz.

Фейк пе, жаңалық па? НУ ғалымдары күдікті марапатты не үшін алды?

Зерттеу ең алғаш 2015 жылы Applied Physics Letters рецензиялық ғылыми журналында жарық көрді.

Мақаланың бұл журналда жарық көруі авторлар үшін өте маңызды, өйткені ол істеген жұмыстың сапасы және маңыздылығына баға беріп тұр (2013 жылы журналдың 3,515-ке тең импакт-факторы болған). 2015 жылы мақала осы бағыттағы топ 16% дәйексөз келтірілгендердің тізіміне енді. Жалпы нәтиже жаман емес, бірақ сенсация деу артықтау. Назарбаев Университетінің өзі зерттеуді «сенсациялық» дейді.

Жаңалық қаншалықты маңызды?

Жаңалық авторларының бірі, профессор Зинетула Еңсепов былай дейді: «Бұл жаңалықтан туындаған тәжірибелік жұмыстар қорғаныс саласы, медицина, ұлттық қауіпсіздік, әуе байланысымен айналысатын халықаралық компанияларға қажет, мәселен, әлемдік Интернет жасау үшін маңызды».

Зерттеушілердің айтуынша бұл жаңалықтың интеллектуалды құқықтары әлі Назарбаев Университетіне тиесілі емес және ғалымдар қазіргі уақытта инвесторлар іздеуде.

Неге көптеген адамдар оны фейк-ньюс деп есептеді?

NewTimes.kz ақпаратында «сенсациялық зерттеу» Нобель сыйлығының лауреаты Петр Капица атындағы төсбелгіге лайық деп танылды деп айтылған. Әлем ғалымдары арасында РЖҒА (Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясы) берген марапаттар күдікті деп саналады. Жоқ, бұл ғылым саласындағы күлкілі жетістіктері үшін берілетін «Шнобельдік марапаттың» аналогы емес. РЖҒА әзілдемейді. Бұл мекеменің беделін жалған ғалымдар түсірген. РЖҒА ғалымдарының тізімінде өлілерді тірілтетін Григорий Грабовой және радиоактивті ағын суларды тазарта алатын фильтрді «ойлап тапқан»Виктор Петрик болған. РЖҒА академиктерінің ішінде Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров та бар.

РҒА жалған ғылыммен күрес комиссиясының сайт редакторы өзінің «Наука проигрывает» атты монологында РЖҒА туралы былай дейді: «РЖҒА өзінің фильтрлері арқылы су тазалаймын деп 18 триллион рубльді иеленбекші болған Виктор Петрик, Бесландағы балаларды қайта тірілтемін деп ақша алмақшы болып, сол үшін сотталған қылмыскер Григорий Гробовой, «торсионды алаң» теориясын алға тартып, кеңес кезінің өзінде, одан кейін посткеңестік кезеңде де үлкен ақша бөлдірген Геннадий Шипов сынды жалған алаяқ ғалымдарға толы. Егер қазақ ғылым басшылары ғылымның тек қана жаңалық емес, сонымен қатар ар, мәдениет, ғылыми қоғамды ұйымдастырудың кейбір қағидалары екенін түсінбесе… егер олар осыны түсінбесе қазақ ғылымына үлкен қауіп төніп тұр деген сөз. Бұл бұрынғы кеңес үкіметі аумағындағы үлкен ғылымның кішігірім жеңілісі».

Неге Назарбаев Университеті РЖҒА марапатына мақтанып жүр?

Александр Сергеев кейбіреулер осы секілді марапаттарды шын қабылдап, оның дұрыс емес нәрсе екенінен күдіктенбеуі де мүмкін екенін айтады.

«Өзінің мәртебесі мен беделін арттыру үшін мұндай академиялар марапаттары мен мансаптарын «керекті адамдарға береді, оның ішінде академик Кадыров та бар», –  дейді Сергеев.

Назарбаев Уиверситетінің ғалымдарына қатысты да жағдай осындай секілді.

«Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясы берген Петр Капица атындағы төсбелгіге келер болсақ, мен үшін және менің әріптестерім үшін бұл күтпеген және өте құнды марапат болды. Марапат Ғылым Академиясының қолдауымен беріледі», – деді профессор Зинетула Еңсепов алған марапаты туралы.

Профессор Қазақстанда ғылыми зерттеулердің шынайылығына куәлік ететін осы секілді мекеме жоқ, ал ғылым әлемінде авторлық дәрежені уақытында бекіту өте маңызды, дейді.

«Біз жаңалығымыздың нәтижесімен Мәскеудегі Халықаралық Ғылым Академиясы Асоциациясына (International Association of the Academies of Sceinces | IAAS) жүгіндік… Осы ұйым бекіткеннен кейін келесісі АҚШ-та болады», – дейді Еңсепов.

Factcheck.kz