Фейк | Қытайда Солженицынның кітабын тарату енді қылмыс саналады

2019 жылы қаңтардың 5-інен бері әлеуметтік желілерде “Қытайда Александр Исаевич Солженицынның кітаптарын сақтау, тарату, тіпті оқудың өзі қылмыс саналады. Бұл туралы бұйрыққа Қытай Халық Республикасы Компартия төрағасы Си Цзиньпин Мао мен Сталиннің атына кір келтірмеу мақсатында қол қойды” деген хабар тарап кетті.

Фейк | Қытайда Солженицынның кітабын тарату енді қылмыс саналады
Скриншот фейка в блоге на Cont.ws

Үкім: Фейк

Си Цзиньпин Солженицын кітаптарына тыйым да салған жоқ, әдебиет жайлы мәлімдеме де жасамады. Бірақ 5 қаңтарда ол бұл тақырыпқа қарағанда әлдеқайда маңызды, Қытайдың соғысқа дайын екенін көрсететін басқа бір мәлімдеме жасады. Бұл фейк жаңалықты таратқан – өзіннің жалған ақпарат әзірлеумен айналысатынын ашық айтатын Panorama.pub сайты.

Бұл фейк пропагандистік ресурстар мен өңірлердегі ақпараттық порталдарда, әлеуметтік желілер мен блогтарда жылдам тарап, қызу талқы тудырды. Дегенмен, мұндай фейкті таратуға Қытай компартиясының өзі итермелегендей.

Контекст: Қытайда тыйым салынған кітаптар

Қитайдағы цензураның тарихы терең. Ол хунвейбиндер – 1966-1967 жылдары мәдени рефолюцияға белсенді қатысқан жастардан отрядтар құрылған кезіңен бастау алады. Қазір билік кітаптарды өртемейді, бірақ электрондық кітаптар саудасын бақылауда ұстап, Қытайға кейбір кітаптарды түрлі қатаң шаралар қабылдап, кіргізбей тастайды. Тыйым салынған әдебиеттерді жазатындар мен оны сатып алатындарды анықтау үшін биліктің баспагерлер мен Гонконгтағы контрабандист-кітап сатушыларды ұрлаған кездері де болған.

Фейк | Қытайда Солженицынның кітабын тарату енді қылмыс саналады
Тыйым салынған әдебиетті шығарумен айналысатын баспагердің жоғалып кетуіне қарсылық білдіргендер.

Қытайда тыйым салынған кітаптар саны көп — тізім үш том. Оның ішінде Солженицын жоқ, бірақ Джордж Оруэллдің Animal Farm: A Fairy Story (“Мал қора”) кітабы мен Льюис Кэрроллдің “Алисасы” бар. “ГУЛАГ архипелагы» кітабының қытай тіліндегі нұсқасын да табу оңай емес. Бұл еңбектің Қытай тарихына тікелей қатысы болмаса да, антикоммунистік кітап екені анық.

Тыйым салынған кітаптың көбі 1989 жылы Пекиннің Тяньаньмэнь алаңында болған оқиғаға байланысты.

Қандай да бір еңбекке тыйым салынғаны туралы ресми құжат болмағандықтан, ұдайы өзгеріп отыратын тізімді бақылау қиын. Әрине, оның көбі ашық эротика, порнография, ЛГБТ мен есірткі тұтынуды сипаттауға қатысты. Дегенмен Қытай – халық арасында кітап оқушылар үлесі бойынша әлемде үштікке кіреді (кітап оқитындар саны бойынша да алда болуы ықтимал).

Фейк | Қытайда Солженицынның кітабын тарату енді қылмыс саналады

Қытайдағы ресми сайттар мен халықаралық порталдарда жарияланған ақпараттарға сүйеніп, елде көбіне Мао Цзедун саясатына қатысты, қазіргі шенеуніктердің, әсіресе, Си Цзиньпиннің “еңбек жолы” жайлы Қытайдың өз ішінде шығатын кітаптарына тыйым салынады деп айтуға болады. Белгілі себептермен елде лақап атпен “саржағал” кітап шығаратындар көп. Оларды әзірге біршама еркіндік бар Гонконгта, контрабандист саудагерлер сәті түссе айналымға жіберетін Қытайда таласа оқиды.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz