Фейк | Англияның үздік мектептері советтік білім беру жүйесіне көшті

Англияның заманауи әрі үздік мектептері советтік білім беру жүйесіне көшті деген “жаңалықты” бірнеше аптадан бері желі қолданушылары жарыса бөлісіп жатыр. Мұндай материалды былтыр қарашада Pravda-TV.ru порталы жариялаған. Хабарды көшіріп басқан басылымдар мен бөлісен адамдар санында есеп жоқ.

Шылғи өтірік екені анық қой дерсіз. Бірақ бәрі сіз ойлағандай емес. Бұл материалдың бір ерекшелігі – фейк жасаған адамдар өз-өздерін алдағандарын аңдамай қалған. Біз, Factcheck редакциясы, бұрын-соңғы мұндайды көрген емеспіз.

Образование в Великобритании
Айта кетейік, сайт өзі, иелері жайлы ешбір ақпарат айтпайды. Тек “Правда-ТВ – саяси талқы алаңы” деген жалғыз сөйлем ғана бар.

Үкім: Жалған (және — бір қызығы — аздап шындық)

Бұл неге фейк?

Бұл “материалды” былтыр қыркүйекте фейк жаңалықтар жазумен айналысатын, бұрыннан белгілі сатиралық “Панорама” басылымы дайындаған. Бұл порталдың жаңалықтарына күліп қоя салған дұрыс екенін бұрыннан айтып келеміз.

Бірақ мәселе мынада – қолданушылар “Панораманың” бұл “жаңалығын” ақпарат агенттіктері көшіріп басқан соң ғана белсенді түрде бөлісе бастады.

Образование в Великобритании

Несі шын?

Әр фейкте бір шындық бола бермеуі мүмкін, бірақ бұл материал өзгерек.

Расымен, кейбір Британ оқу орындары советтік оқыту тәжірибесін үлгі ретінде алған. Бірақ тек университет жанынан оқытылатын ЖОО-ға дейінгі арнаулы математикалық білім беру моделін ғана қолданған. 

Әңгіме тұтас орта білім беру жүйесі жайлы емес.

Үлгі ретінде М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің А. Н. Колмогорова атындағы мектеп-интернаты (СУНЦ МГУ) алынған. Әуелде бұл мектеп “Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы №18 арнаулы мектеп-интернаты” деп аталған. Мектеп академик А. Н. Колмогоровтың бастамасымен 1963 жылы ашылған.

Мұндай мектептер СССР-дің бұрынғы қалаларында, тіпті Алматы да ашылған. Республикалық физика-математика мектебінің сайтында “…мектеп Совет одағының ірі университеттері жанынан құрылған физика-математика мектеп интернаттарының үлгісімен 1972 жылы қазанның 16-сында ашылды” деп жазылған.

2014 жылы Англияда математиканы тереңдете оқытатын King’s College London Mathematics School пен Exeter Mathematics School мектептері ашылды. Олар 6 form math colleges аталатын, яғни оқушылар орта мектептің соңғы екі жылында оқитын мектептер. Физика-математика мектебінде де оқушылар ЖОО-ға түсуге екі жыл қалғанда оқып, сол жақтан оқуға түседі.

Образование в Великобритании
Independent материалынан скрин
Образование в Великобритании
The Economist материалынан скриншот.

The Economist журналында білім жөнінде бас xатшы болған Майкл Гоувтың кеңесшісі Доминик Каммингстің айтуынша, Лондонда математикалық мектептер “әрбір бала Итон деңгейінде” білім алу мүмкіндігіне ие болуы үшін ашылған”.

Неге?

Белгілі болғандай, Ұлыбритания елде математикалық мектептер ашуға бейіл.

How to apply to set up a maths school for 16 to 19 year olds атты құжат (“16-19 жастағы балаларға арналған математикалық мектеп ашу өтінішін қалай жазуға болады?”) бар. 2018 жылы Білім министрлігі жарияланған әлгі құжатта жоғарыда аталған екі мектеп университет жанынан ашылған үздік оқу орны және бұл жобалардың сәтті екенін Білімді стандартизациялау кеңсесі растағаны жазылған. (The two open maths schools demonstrate that the model can be very successful…both are Ofsted (Office for Standards in Education — прим. Авт) outstanding and already among the highest performing school sixth forms in the country).

Ұлыбританияда үкімет 406 млн еуроны математикалық, теxникалық және ІТ білім беруге инвестициялайтын Индустриалдық стратегия бар. 16 жастан асқан балаларға математиканы тереңдете оқытуға, мектеп ашуға рұқсат алғандар жыл сайын бюджеттен 350 мың еуро (168,5 млн теңге) алады.

Бұдан бөлек, елдің бар аумағында кез келген жастағы баланың математикаға қызығушылығын арттырып, мұғалімдердің кәсібилігін шыңдауға көмектесін математикалық хабтар ашылған.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz