Фактчек | Швецияда қоқыс таусылып қалды

Әртүрлі сайттарда (кейін бұл материал әлеуметтік желі пайдаланушылардың арқасында кең таралып кетеді) бір-екі жыл сайын Швециядағы қоқыс өңдеудің ғажайыптары туралы ақпарат пайда болып тұрады. Мысалы Pikabu сайтында былай дейді:

«Түрлі қалдықтардың тек 7 пайызы қоқысқа жіберіледі, ал қалғанын жағылады, не қайта өңделеді. Мысалы Стокгольм қаласы тек осы қалдықтың арқасында электр энергиясының 45 пайызын өндіреді. Енді халық үшін қалдық тапшылығы үлкен проблемаға айналуы мүмкін, себебі шведтер қайта өңдеу арқылы тұрғын үйлерін жылытып, электр қуатын алады. Алайда көрші мемлекетке Норвегия көмектесуге дайын екендіктерін мәлімдеп, жыл сайын 800 мың тонна қоқыс жеткізіп тұрады».

Переработка мусора в Швеции

Рунетте Швециядағы қоқыс өңдеу тақырыбына арналған жан-жақты және толық материал 2016 жылдың желтоқсанында Швецияның Ресейдегі ресми сайтымен (Sweden.ru – «Мысалы, Швеция») бірлескен жоба аясында Colta.ru-да жарияланды. Бұл материалдағы мәлімет пен кейін 2018 жылы Pikabu-ға шыққан мақаладағы (Facebook-та 2741, ал Wk-да 525 адам бөліскен) деректерді салыстырсақ, біраз басқа цифрларды көреміз. Бірақ жалпы сюжет пен негізгі ой ұқсас. Дегенмен, тексеріп көрейік.

Мәлімдеме:Түрлі қалдықтардың тек 7 пайызы қоқысқа жіберіледі, ал қалғанын жағылады, не қайта өңделеді.

Үкім: Жалған

Шведтер олар туралы жазғаннан гөрі де мықты болып шықты: полигондарға 1 пайыздан кем қоқыс түседі, қалғаны қайта өңдеуге жіберіледі.  Біз Avfall Sverige («Швеция қалдықтары») қалдықтарды басқару ұлттық қауымдастығының коммуникациялар жөніндегі директоры Анна-Карин Грипволлмен байланыстық. Ол бізге 2018 жылдың есебін келтіріп, хат жазып жіберді:

Швеция

Анна-Карин полигондарға 1 пайыздан кем қоқыс түсетінін растады, ал 99 пайызы қайта өңделеді екен. Бұл ретте Швеция қоқысты көбіне Норвегия мен Ұлыбританиядан импорттайды. Есепте келесі кестелер бар:

Швеция

Оң жақтағы кесте қоқысты қайта өңдеу саласындағы трендтерді көрсетеді (энергияға қайта өңдеудің үлесі (млн тонна) көгілдір, түрлі материалдарға қайта өңдеудің үлесі сұр-көгілдір, биологиялық қайта өңдеудің үлесі жасыл-көк, полигонға кететін қалдықтар қою көк түспен белгіленген). Сол жақтағы кесте 1975 жылдан 2017 жылға дейінгі динамиканы көрсетеді.

Егер сіз баяндаманы оқысаңыз, онда шведтер техника, гаджет, тағамдық және биологиялық қауіпті қалдықтар мен пластик туралы айтпағанда, қуыру үшін пайдаланылған майға дейін жинайтынын, сұрыптайтынын және қайта өңдейтінін көресіз.

Сондай-ақ, Pikabu мен Colta жазғандай, осы елдің азаматтары Шеринг және құрылыс материалдары мен тоқыма өнімдерін, яғни киім, аяқ киім және т.б. заттарды қайта пайдалану идеясына өте байыпты қарайды. Қайта пайдалану үшін материалдарды жинау саласындағы динамиканы көрсететін кесте (жылдар бойынша тоннамен). Қою көк түс – құрылыс материалдары, көк – тоқыма, көк-жасыл – секонд-хенд (яғни секонд-хенд затары да қайта пайдалануға жатады).

Переработка мусора в Швеции

Шведтер машина, велосипед, құрал, тұрғын үй алаңдары, жер және басқа да бірлесіп пайдалануға болатын материалдық заттар шерингіне белсенді араласып жатыр.

Бұл ретте Швецияның қоқыстарды өңдеу саясаты есепте көрсетілгендей, үш тұғырға негізделеді: үй иелерінің жауапкершілігі, бизнестің жауапкершілігі және ұйымдастыру құрылымы. Сондай-ақ, полигонға түсетін қоқыс та кейіннен мүмкіндігінше қайта өңделеді. Шведтер 2017 жылы метан және басқа да «полигон газдарынан» 142 ГВтч энергия өндірген.

Мәлімдеме: Стокгольм қаласы тек қалдықтың арқасында электр энергиясының 45 пайызын өндіреді.

Үкім: үкім жоқ

Өкінішке қарай, біз жалпы елге ғана қатысты сандарды таба алдық. Ол үшін Швецияның статистикалық бюросында (Ауыл шаруашылығы және энергетика статистикасы бөлімі, аймақтар және қоршаған ортадепартаменті) жұмыс істейтін «Электрмен, орталықтандырылған жылумен және газбен жабдықтау 2017» баяндамасын құрастырушы Сюзанна Энмалмға жүгіндік.

Отходы Швеции

Оның ақпараты бойынша, қалдықтарды отын ретінде пайдалану арқылы алынатын әдеттегі жылу (электр) энергиясының үлесі 19% – ды құрайды, ал энергетикадағы қалпына келетін және қалпына келмейтін қалдықтар арасындағы қатынас 48% және 52% – ды құрайды. Швецияда энергия өндіру тәсілі бойынша жағдайкелесідей:

Су энергетикасы – 40%

АЭС – 40%

ЖЭС – 9%

Жел энергиясы – 11%

Күн энергиясы — 0,14%

Стокгольмге келетін болсақ, қалада электр энергиясын өндіру мен жылыту үшін тек қана қалдықтар мен биоотынды пайдаланатын Хогдален жылу-энергетикалық кәсіпорыны жұмыс істейді. Avfall Sverige баяндамасының мәліметі бойынша, кәсіпорын 1 944 000 296 МВтч (жылу) және 296 280 МВтч (электр энергиясын) — 296.28 ГВтч өндіреді.

Мусор в Швеции

Бұл ретте Стокгольмнің электр энергиясына қажеттілігі – 20342 ГВтч.

Переработка в Швеции

Осылайша, Хогдален Стокгольмнің электр энергиясына қажеттілігінің 1,5% қамтамасыз етеді. Алайда, қалада қалдықтарды отын ретінде пайдаланатын басқа да энергетикалық кәсіпорындар бар. Ал жалпы Швецияда олардың саны шамамен 40-қа жуық.

Мәлімдеме: Норвегия Швецияға жылына 800 мың тонна қалдық жібереді

Үкім: Жартылай шындық

Colta сайты 700 мың тонна деп ақпарат келтіреді. Жыл өткен сайын сандар өзгеруі мүмкін. Кейін шыққан дереккөздерге, атап айтқанда, швециялық Thelocal.se ресурсыныңа қпаратына назар аударамыз:

«Швеция 1,3 млн тонна қоқыс импорттайды, бұл ретте Ұлыбританиядан жартысын, ал қалғанын Норвегиядан әкеледі». Ол жерде Ұлыбритания Германия мен Нидерландқа қоқыс экспорттайды деп айтылған.

Швецияда қоқыстың бітіп қалуына тоқталсақ. Әрине, қоқыс таусылмайды. Мысалы, иеліктегі үйлер 2017 жылы өткен жылға қарағанда 2,5% артық қоқыс шығарған, яғни – 4,783,000 тонна. Орта есеппен бір Швеция азаматы жылына 473 келі қалдық шығарады (2016 жылы – 467 келі).

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz