Фактчек | Қазақстан әйелдер үшін ең қолайлы 50 елдің қатарына енді

Nestpick баспана іздеу компаниясы әйелдер үшін қолайлы мемлекеттер туралы зерттеу жүргізді. Бұл тізімде Қазақстан Украина, Армения және Ресейді артта қалдырып, 44-орынды иеленді. Рейтингті Норвегия, Швеция және Канада бастап тұр. Бұл туралы Отандық басылымдар да жазған болатын.

Фактчек | Қазақстан әйелдер үшін ең қолайлы 50 елдің қатарына енді

Үкім: Манипуляция

Материал шынында да жарық көрген және Германиялық сайттағы ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан расында да 44-орынға жайғасқан. 46-орында Украина, 50-орында Армения иеленсе, Ресей 53-орынды иеленген. Әйелдер үшін қолайлы  мемлекеттердің үздігі – Норвегия болса,  Щвеция мен Канада 2 орынға жетіп отыр.

Алайда…

Nestpick.com – әлем бойынша  жиһазбен жабдықталған баспаны табуға көмектесетін портал. Ұлыбритания, АҚШ және Азия елдерінде кең  таралған. Бұған дейін әйелдер мәселесі бойынша ешқандай арнайы зерттеу жасамаған. Тек баспана табуға көмекші ретінде осы саладағы тақырыптарға ранкинг жасап тұрады.

Сонда кімге сенеміз?

Weforum.org – халықаралық қоғамдық ынтымақтастық ұйымның сайты. Бұл портал жыл сайын әртүрлі салалар бойынша есеп береді. Құжаттарға сенсек, әлем бойынша әйелдердің өмір сүруіне ыңғайлы мемлекеттердің тізімінде Қазақстан 60-орында орналасқан.

kaz 1

2018 жылы Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған гендерлік теңсіздік туралы жаһандық баяндамада Исландия әйелдерге ең қолайлы мемлекет болса, Йемен ең қолайсыз мемлекеттің тізімін бастап тұр. Толық есепті мына сілтеме бойынша көре аласыздар.

Тағы не бар?

Фактчек | Қазақстан әйелдер үшін ең қолайлы 50 елдің қатарына енді
usnews.com сайтынан скрин

Бұдан бөлек US News & World Report бойынша Қазақстан 59-орынға табан тіреген. Алдыңғы рейтингтегі көрсеткішпен салыстырсақ, Ресей Қазақстанды артта қалдырып, 37-орынға орналасқан, ал Украина 66-орында тұр, Армения тіпті бұл тізімге енбеген екен. Бұл рейтинг бойынша Швеция бірінші орында, ал Норвегия болса 4-орында, ал Канада 3-орынға табан тіреген. Платформа әр жыл сайын рейтингті жаңартып отырады.

Factcheck.kz