Фактчек | Депутат Ақылбек Күрішбаев инновация туралы

Ақпанның төрті күні өткен сенат отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев аграрлық ғылымдарға қатысты бірқатар дерек келдтірді. Factcheck.kz әдеттегідей депутаттың қаншалықты рас сөйлегенін тексерді.

Егер Қазақстандағы ғылым туралы айтсақ, мынадай дерек келтіргім келеді: жаһандық инновациялық индекс 2020-ға сай, былтыр еліміз инновация тиімділігі бойынша 77-орынды алды. Дамыған елдерді былай қойғанда біз Ресей мен Беларусьтың артында қалып отырмыз. Армения, Моңғолия, Ямайка, Панамадан төмен түсіп кеттік.

Ақылбек Күрішбаев

Үкім: Шындық

Инновацияның кіріп шығуына қатысты 80 жуық көрсеткіш сарапталғанда Қазақстан 2020 жылы 77-орынға тұрақтаған. ЖИИ-дің Қазақстанға арналған 2020 жылғы статистикалық сенімі 74 пен 80-нің арасы.

Жаһандық инновация индексі (ЖИИ) 2007 жылдан бері әлемдегі инновация дамуының деңгейін көрсететін Біріккен ұлттар ұйымының арнайы мекемесі. Оны халықаралық INSEAD бизнес-мектебі, Карнель университеті және Дүниежүзілік интелектуалды меншік ұйымы бірігіп жариялайды.

Фактчек | Депутат Ақылбек Күрішбаев инновация туралы
2018-2020 жылдар аралығындағы Қазақстанның инновацияға салымы мен нәтижесі және оның жалпы көрсеткіші

Яғни 2020 жылы Қазақстанның инновацияға салымы 60-орында болса, оның нәтижесі 94-орында. Еліміз айлық көрсеткіші бойынша орташа айлықтан жоғары 37 елдің ішінде 24-тұр.

Фактчек | Депутат Ақылбек Күрішбаев инновация туралы
ЖИИ-дің жеті зерттеу аумағы бойынша Қазақстан көрсеткіші
*Әр бір жолақтағы ең жоғарғы көрсеткіш – 1

Қазақстан институттарда жақсы, креатив шешімдерде нашар көрсеткіште тұр.

Еліміз ЖИИ-дің негізгі жеті компонентінің алтауында жақсы деңгейде:

  • Институттар (49): оның ішінде жұмыс ортасы (31), жұмыстан шығару (18), бизнес ашуға қолайлы (20);
  • Адам капиталы мен зерттеулер (68): оның ішінде мұғалімдер мен оқушылар қарым-қатынасы (8) негізгі жетістік;
  • Инфраструктура (66): оның ішінде биліктің онлайн-қызметі (32) негізгі жетістік;
  • Нарықтың даму көрсеткіші (53): оның ішінде инвестиция (28), кредит алу оңайлығы (23), миноритар инвесторларды қорғаудың қарапайымдылығы (7);
  • Бизнестің даму деңгейі (71): ғылыми дәрежеде жұмыс істейтін әйелдер көрсеткіші (27), таза шет елден тартылған инвестиция (25);
  • Білім мен технология нәтижесі (80): шығу тегі бойынша пайдалы модельдер индикаторлары жақсы көрсеткіште (15), бір қызметкерге шаққандағы өсу коэффициенті (25).

Қазақстан ЖИИ-дің негізгі жеті компонентінің бесеуінде нашар деңгейде:

  • Адам капиталы мен зерттеулер (68): оның ішінде білімге жұмсалатын шығын (104) мен жаһандық ғылыми-зерттеу компаниясы (42) әлсіз;
  • Инфраструктура (66): энергияны пайдалану бірлігіне шаққандағы ЖІӨ (111) көрсеткіші әлсіз;
  • Бизнестің даму деңгейі (71): оның ішінде инновация байланысының әлсіз жақтарын көрсетеді (124) және кластер дамуының индикатор жағдайы (114).
  • Білім мен технология нәтижесі (80): ғылыми-техникалық мақалалар (117), компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуге шығындар (118), зияткерлік меншіктен түсетін кірістер (99) және АКТ қызметтерінің экспорты (115) көрсеткіштері төмен;
  • Креатив шешімдер (105): Баспа және басқа медиа (90) мен Mobile App индикаторларында кемшіліктер бар (94).

Ал 2019 жылы Қазақстанда инновациялық өнім көлемі елдің ЖІӨ-нің 1,6% – ін құрады.

Ақылбек Күрішбаев

Үкім: Шындық

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2019 жылы инновациялық өнім көлемі жалпы ішкі өнімнің 1,60%-ін құраған. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 0,92%, 2016 жылы 0,95%, 2017 жылы 1,55%, 2018 жылы 1,72% болған.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz