Facebook мердігерлері қолданушылардың дыбыстық хабарламаларын тыңдады

Facebook корпорацияның қызметтерін қолданушыларының дыбыстық хабарламаларын ашу үшін жүздеген мердігерлерлерге төледі. Бұл жайлы Bloomberg агентігі хабарлайды.

Агентіктің хабарлауынша бөгде мердігерлер компанияның тапсырмасына “таң қалды”. Себебі Facebook оларға жазбалардың қайда, қалай және қашан жасалғаны туралы ақпарат бермеді. Корпорация тек дыбыстық хабарламаларды ашуды сұрады. Компания қызметкерлері қолданушылардың хабарламаларын тыңдады. 

Facebook-те тыңшылық туралы ақпаратты растады, бірақ бұл ісін “бір апта бұрын” тоқтатқанын хабарлады. Компания өкілі мердігерлер хабарламасын тыңдаған қолданушылар Facebook-ке арналған Messenger мобильді қосымшасында хабарламаларды тыңдауға келісім бергенін атап өтті.

Компанияда “мердігерлер Facebook-тің жасанды интеллектімен дыбыстық хабарламалардың дұрыс ашылуын тексерді” деп түсіндірді. Bloomberg әлеуметтік желі қолданушылары үшінші тараптың аудио жазбаларды тыңдауы мүмкін екені ескертпегенін атап өтті.

Шілде айында АҚШ билігі Facebook-ке 5 миллиард доллар көлемінде айыппұл салды.

Тамызда желі қолданушылар Apple компаниясын жеке өміріне қол сұқпау құқығын бұзғаны үшін сотқа берді. Сотқа шағымданушылардың айтуынша компания Siri дауыстық көмекшісі арқылы гаджет иелерінің командаларын тыңдау мүмкіндігіне ие болған.

Factcheck.kz