Эквадор Ассанждың құжаттарын АҚШ-қа тапсырады

Эквадор үкіметі елдің Лондондағы елшілігінде отырған WikiLeaks-тің негізін қалаушы Джулиан Ассанждың құжаттарын АҚШ-қа тапсырады. РИА Новости-дің хабарлауынша бұл туралы ресми ақпаратты El Pais газеті таратқан.

Басылымға сәйкес АҚШ Ассанждың ұялы телефоны, компьютері, жад картасы және басқа да ақпарат тасымалдаушылары беріледі. Ассанждың осыған дейін тұрған жерін полиция мамырдың 20-сы тінті жасайды. Эквадордың бас прокуратурасы қабылдаған шешімін Ассанждың қорғаушысы Карлос Поведеге хабарлады. Поведе ресей ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Эквадор билігі қабылдаған шешімге шағым түсіретіндерін айтты.

Британ полициясы Ассанжды сәуірдің 11-і тұтқындады. Ол аса құпия құжаттарды, билік өкілдерінің хаттарын, сыбайлас жемқорлық туралы деректерді жұртқа жариялағаннан бастап атақты болды. Ол 2010 жылы жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен қамалып, кейіннен кепілмен босатылды. Ассанж 2012 жылы маусымның 9-ы Эквадор елшілігіне саяси баспана беру өтінішімен келді және бүгінгі күнге дейін ол жерден шықпаған.

Factcheck.kz