Екпе салдырмағандар шалдығуы мүмкін 10 ауру

Таяуда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы екпе салдырудан бас тартуды эбола, ВИЧ не лас ауамен теңестіріп, оны адамзатқа туған бас қатерлер қатарына қосты.

Дифтерия

Бактериялары ауа-тамшы және байланыс жолдарымен таралады. Ауру мұрын жұтқыншағын, ауыз қуысын, кейде тері қабатын зақымдайды. Дифтериядан болатын өлім-жітім – 5-10 пайызға, сәбилер арасында 20 пайызға жетеді. Дифтерия вакцинасы 1923 жылы ашылған және АКДС құрамына кіреді. ДСҰ деректеріне сәйкес, әлем балаларының 86 пайызы сәби жасында құрамында дифтериялық анатоксин бар вакцинаның үш дозасын алады және екпе жасалған көп шақалақтың иммунитеті ауруға қарсы тұра алады. Алайда дифтерия бактериялары вакцинацияланбағандарды “іздеп”, сол ортаны айналсоқтан жүреді. ТМД елдерінде 1990 жылдары дифтериямен екпе жасатпаған не екпе жасатқаны туралы жалған анықтама сатып алған 150 мыңнан аса адам ауырған (Дереккөз, 539-бет.). Қазір (2017-2018) Латын Америкасында дифтерия өршіп тұр.

Екпе салдырмағандар шалдығуы мүмкін 10 ауру

Дифтерияға қарсы (сондай-ақ көкжөтел мен сіреспеге қарсы) АКДС екпе шақалақтың екі айлығында жасалады. Оған жеке таңбаланатын басқа да компоненттер (гепатиттен, полиомиелиттен, гемофильді және пневмококкты жұқпалардан вакциналар) енгізілуі мүмкін.

Көкжөтел

Ұлыбританияда 1978 және 1982 жылдардағы көкжөтел індеті екпе жасатудан жаппай бас тартудан соң туындады. Эпидемия кезінде 70 000 бала сырқаттанып, 60 пайызында ауру асқынып, өлім-жітім жағдайлары тіркелді. Швецияда 1979-1996 жылдары көкжөтелден сақтайтын екпе салуға жарияланған мораторий тап сол жылдары 10 жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамының вирусты жұқтыруына әкеліп соқтырды. Медицинаның жоғары деңгейі ғана аурудан жылына бір ғана адам көз жұматындай деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді деп саналады.

Полиомиелит

Баланың жүйке жүйесін зақымдайтын, сал етіп не өлімге әкеліп соқтыратын ауру. 2002 жылы Қазақстан бірнеше елмен қатар полиомиелиттен азат ел деп танылды. Бұл – 1950 жылдары басталған балаларды жаппай егу мен 1980 жылдардың соңында ЮНИСЕФ ұйымының бақылау нәтижесі. Қазір ауру жойылмаған елдер қатарында Нигерия, Ауғанстан және Пәкістан бар. 2010 жылы Тәжікстаннан әкелінген вирустың келгені сияқты кейде Қазақстанға бұл бактериялар жоғарыда аталған елдерден “өтіп кетіп жатады”.

Қызамық

Балалар оңай өткеретін жұқпалы ауру. Қызамықтан егу салу сыны да осыған – аурудың жеңілдігіне байланысты. Алайда жүктілік кезінде жұқтырылған қызамықтың өте үлкен қаупі бар, ұрықта катаракта, жүрек ақаулары және туа біткен кереңдік сияқты ауытқулар тудырады. Жүйелі егу қызамықты өте сирек пайда болатын аурулар санатына қосты, алайда кейбір елд, мәселен Жапонияда аурудың күрт күшейіп кеткен кездері болған. Қазақстанда вакцинация арқасында 17 жыл ішінде жыл сайын сырқаттанушылар санын 30 мыңнан нөлге дейін қысқарта алды.

Екпе салдырмағандар шалдығуы мүмкін 10 ауру

В гепатиті

Қарсы екпесі жиі сыналатын аурулардың бірі. Көп адам вакцина құрамындағы зиянды қосылыстардың болуына байланысты сөгіп жатады. “Жуылмаған қолдан тарайтын” А гепатитіне қарағанда В гепатитімен ауыру ықтималдығы расымен аздай көрінеді. Алайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы В гепатитіне қарсы екпені жаңа туған нәрестелерге де, барлық егілмеген адамдарға да ұсынады. Ұйым статистикасы бойынша, әлем бойынша “вирус тасымалдаушылар” саны 3-тен 6 пайызға дейін болуы мүмкін, ал жыл сайын 2 миллион адам В гепатитімен ауырады.

Қызылша

ДСҰ мәліметтері бойынша, қызылша — вакцинасының 1966 жылы табылғанына қарамастан, бес жасқа дейінгі балалар өлімінің ең жиі кездесетін себептерінің бірі. Қызылша асқынып кетсе, тыныс алу және жүйке жүйесі жұмысының бұзылып, пневмония, көмей стенозы, тіпті энцефалит болуы мүмкін.

Бұрын шешесі қызылшамен ауырып жазылса, өмірінің алғашқы үш айында баланың туа біткен иммунитеті болады. Бірақ артынша бұл иммунитет жоғалады. Сондықтан шамамен бір жасқа толғанда сәбиге екпе егеді. Қызылшаға қарсы екпені соңғы 10 жылда біраз елде салып шыққанның арқасында осы аурудан болатын өлім-жітім 71 пайызға азайды. ДСҰ-ның дерегінше, Еуропада соңғы 10 жылда қызылшаның дендеп кетуі осы – вакцинадан бас тартудан болған (төмендегі кестені қараңыз).

Екпе салдырмағандар шалдығуы мүмкін 10 ауру

Энцефалит

Кене арқылы тарайтын инфекция. Мидың ісінуіне және өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қауіпті аймақтарда – аса көп паразиттер-ауру тасымалдаушылар шоғырланған жерде тұратын адамдар үшін екпе өте маңызды. Қазақстанда аса қауіпті аймақтар – Алматы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары. Егу процесінің өзі өте күрделі және уақыт шектеуі бар үш кезеңде өтеді, сондықтан нақты кесте бойынша егу қажеттігі айтылады.

Туберкулёз

Массачусетс медициналық қоғамының деректері бойынша, туберкулез тудыратын бактерия тасымалдаушылары ғаламшар халқының төрттен біріне дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, пандемия емес, аурудың белсенді түрі ғана қауіпті. Дамыған елдерде БЦЖ вакцинациялаудың арқасында ауыру көрсеткіші қауіпсіз деңгейге дейін төмендеді, алайда дамушы елдердегі ахуал әлі де алаңдатады. Ауыр жағдайлардың 80 пайыздан астамы Африка елдеріненде тіркелген. Қазақстанда жыл сайын туберкулезбен ашық түрде ауырудың 23 мың жағдайы тіркелді, соңғы мәліметтерге қарағанда, сырқаттанатындар сәл азайған – жылына шамамен 12 мың.

Екпе салдырмағандар шалдығуы мүмкін 10 ауру
ДСҰ-ның туберкулез бойынша жиынтық есебі (2018 жылы жаңартылған).

Паротит

Жұрт көбіне “свинка” деп атайды. Негізінен 3 жастан 15 жасқа дейінгі балалар сырқаттанады. Аурудың өзі қауіпті емес: қазіргі жағдайда айығып кету оңай. Тек ауру асқынып кетсе қауіпті: ересек адам емделмесе панкреатитке (ұйқы безінің қабынуы) және орхитке (еркектерде бедеулікке әкелуі мүмкін аналық бездің қабынуы) шалдығуы мүмкін. “Свинка” вакцинасы балаларға 1 және 6 жасында екі рет егілетін КПК-ның кешенді вакцинасының құрамына кіреді.

Сіреспе

Сіреспе таяқшасы адамның жүйке жүйесін зақымдап, тыныс алудың тоқтауына алып келетін бұлшықет құрысуын тудырады. Бөртпеге қарсы вакцина әрбір 10 жыл сайын үш айдан бастап енгізіледі. Иммунитеті ұзаққа шыдамағандықтан және ересек жаста көп адам екпе жасатпағандықтан сіреспеге қарсы (табиғидан басқа) екпеге көп адам сынай қарайды. Алайда сіреспеге шалдыққан балалардың 85 пайызы, ересектердің 40 пайызы өліп кетуі мүмкін екенін ескеру керек. Бұл оба мен эбола қатерінен жоғары.

dtp3_1980_2016
Әлемде халықты иммундау көрсеткіші (жылға шаққанда). ДСҰ статистикасы.

Бұл бактериялар адам бойында жылдар бойы “тынып жатады”. Елдің даму деңгейіне қарамастан, тұрғындар арасында аурулар ұдайы дендеп тұрады. Мәселен, Еуропадағы қызылша пен қызамық және Жапониядағы “свинка”.

ДСҰ мәліметтері бойынша, соңғы жылдары әлемде адамзаттың 85 пайызы вакциналанған. Бірақ жыл сайын вакцинациядан бас тарту салдарынан әлемде шамамен 1 500 000 адам қайтыс болатынын ескерсек, қуануға әлі ерте.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz