Дмитрий Медведевтың Twitter парақшасын бұзып, түсініксіз жазба жариялаған

Дмитрий Медведевтың Twitter парақшасын белгісіз біреулер бұзды. Бұзақылар Ресейдегі Ирак елшісіне екі түсініксіз жазба жариялаған. Бұл жайлы Tjournal сайты Ресей министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлады.

Министрлер кабинетінің өкілінің айтуынша Медведевтың аккаунтын қадағалай қайта қалпына келтірілді. Бұзақылар парақшаны қалай бұзғаны әлі анықталмады.

Белгісіз біреулер Ресейдегі Ирак елшісі Хайдар Мансур Хадидің жазбасына Медведевтің атынан «Vk mho cucumber uovunpniophvoui» және «Hop cc very very very hubby cheers cheers her very vav chi hi» деген жазбалар қалдырған. Жазбалардың мағынасы белгісіз. 

Factcheck.kz