Damumed қосымшасындағы пациенттердің дербес деректері қолжетімді болды

Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығы (ЦАРКА) тағы да үлкен көлемдегі  мәлеметтердің қолжетімді болғанын анықтады. 

“Бірнеше күн бұрын анонимді дереккөз жеке мәліметтердің қолжетімді болғанын ЦАРКА мен басқа бірнеше ұйымдарға хабарлады. Damu Med клинакасының жүздеген мың пациентнің жеке медициналық мәліметтері желіге жарияланған. Бұл инцидент клиниканың медициналық құжаттары заңсыз түрде қолды болғандықтан орын алды”,– деген ЦАРКА хабарламасында.

Damumed қосымшасындағы пациенттердің дербес деректері қолжетімді болды
ЦАРКА-ның Telegram каналынан алынды

8 шілдеде медициналық компания Facebook желісіндегі жазбасында болған жайтты ресми растады. Damu Med-тің хабарлауынша, жеке мәліметтерді медициналық жүйеге қатысы бар заңды тұлға таратқан.

““Даму” ақпараттық технологиялар орталығының атынан жеке мәліметтердің үшінші тараппен қолды болғанын хабарлаймын. Мәліметтер “Damu Med” медициналық деректер жүйесіне қатысы бар заңды тұлғамен таратылған. Қазір істің анық-қанығын анықтап заң негізінде тиісті шаралар қолдану үшін деректерді құқық қорғау органдарына тапсыруға дайыдық үстіндеміз”,– деп хабарлады Damu Med. 

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz