Бет қалқандары коронавирусқа қарсы тиімді емес пе?

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде коронавирус пандемиясының басталуымен танымал болған қорғаныш бет экрандарының тиімді еместігі туралы ақпарат тарала бастады. Мұны Жапониядағы Фукуока университетінің осы салада зерттеу жүргізген сарапшылары айтқан көрінеді.

Олар жақын жерде маскасыз тұрған біреу түшкіргенде пластикалық қалқандар айналасындағы ауа ағыны қалай қозғалатынын талдаған. Жапон ғалымдарының айтуынша, түшкіру немесе жөтелу біртіндеп тұрақсыз болып, үш мөлшерде деформацияланатын құйынды сақиналар жасайды. Сонымен қатар, олар қалқанның жоғарғы және төменгі шеттеріне жетіп, экран астына түседі.

Бет қалқандары коронавирусқа қарсы тиімді емес пе?

Осыдан бет экрнадары коронавирустан ешқалай да қорғамайды деген қорытынды жасалады-мыс. Шнымен солай ма, талдайық.

Үкім: Жалған және Манипуляция

Біріншіден, бұқаралық ақпарат құралдары келтірген зерттеу ешқашан бет экраны коронавирусқа қарсы тиімді емес немесе пайдасыз және оларды қолданудың ешқандай мәні жоқ деп санамайды.

Ғылыми жұмыста ғалымдар коронавируспен ауыратын науқастармен үнемі байланыста болатын медицина қызметкерлеріне инфекция қаупін бағалады. Зерттеу кезінде пациент дәрігердің бетіне түшкірсе немесе жөтелсе деген мысалдар келтіріліп, бұл жағдайда бет қалқаны қаншалықты жақсы қорғайтыны тексерілді. Эксперимент кезінде олар зиян аэрозольдердің 4,4%-і ғана қалқанның астына түсіп, инфекция тудыруы мүмкін деген қорытындыға келді.

Осылайша, бұл қорғаныс тәсілі бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жатқандай пайдасыз емес, керісінше бұл тәсіл ықтимал инфекцияның аз процентіне ие. Жарияланым авторлары мәтіннен үзінді алып, зерттеудің толық мәтінін оқымай, оны контекстісіз сипаттаған.

Сонымен қатар, COVID-19-дан қорғаныс тәсілдері туралы айтатын болсақ, онда классикалық бет маскалары да 100%-тік кепілдік бермейді, солай бола тұра оларды үнемі пайдалану керек.

Екіншіден, талдау компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы жүргізілгенін айта кету керек, оны мамандардың өзі де жасырмайды. Әлемдік ғылыми қоғамдастық зерттеудің бұл әдісі толық ғылыми объективтікке кепілдік бермейтінін бірнеше рет мәлімдеді, өйткені бұл – зерттеудің тек теориялық бөлігі. Одан әрі оны растау үшін еріктілерге тәжірибелік эксперименттер жүргізу қажет. Осыдан кейін ғана зерттеу ресми түрде расталады.

Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттарындағы Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 2014 жылы ауада инфекция бөлшектерінің аэрозоль таралуы кезінде бет қалқандарының тиімдіглігін дәлелдеген зерттеу жариялады. Бұл ғылыми жұмыс халықаралық аккредитациядан өтті және объектив деп танылды. Модельдеу туралы бұл эксперимент осы тақырыптағы көптеген басқасы сияқты экспериментал түрде расталмаған.

ДДСҰ-ның жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану жөніндегі кейінгі нұсқауларында бет қалқаны маска тағуға болмайтын тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдарға жақсы балама ретінде ұсынылатыны анық көрсетілген.

Бет қалқандары коронавирусқа қарсы тиімді емес пе?

ДДСҰ коронавирустың таралуына қарсы күресетін дәрігерлерге алдын алу шаралары ретінде арнайы киім, аяқ киім және қолғаптармен бірге бет қалқандарын қолдануды ұсынады. Мұндай шаралар дененің шырышты қабығының кездейсоқ ластануын болдырмайды.

Гонконг ғалымдарының айтуынша, бет экраны қолыңызды бетке, көзге және қорғаныш маскасына тигізу мүмкіндігін тежейтіндіктен тиімді. Адам вирус жұқтырған затты қолымен ұстаса, онда ол масканы рефлекстік түрде түзегенде немесе көзін уқалағанда вирус жұқтырады. Бет экраны мұны істеуге жол бермейді.

Оған қоса, бет экраны науқастардың инфекция таратуына мүмкіндік бермейді. Адам ауырып тұрса, дымқыл масканы қолымен ұстағанда, инфекцияны қолына, одан кейін заттарға жұқтыруы мүмкін. Осылайша басқаларға жұқтыруы мүмкін. Сондықтан Азияда пандемия өршіп тұрған кезде коронавируспен ауыратын науқастар инфекция жұқтырмас үшін бет экрандары міндетті түрде маска тағумен қатар кеңінен қолданылды.

Түйін: бет қалқандары басқа профилактикалық жеке қорғаныс шараларымен бірге коронавирусқа қарсы тиімді құрал саналады. Жапон ғалымдары зерттеуін толық объектив санауға болмайды, өйткені тек теориялық эксперименттер жасалды. Ал бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар авторы контекстіден фразаны үзіп алып, дұрыс емес ақпарат таратып жатыр.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Factcheck.kz