Бас прокуратура фейк жаңалықтар таратудың жазасын ескертті

Қазақстанның бас прокуратурасы қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды. Құзырлы орган қылмыстық жазаны еске салып, желіде тараған соңғы фейктерді мысалға келтірді. Бас прокуратураның хабарламасы ресми сайтта жарияланды.

«Соңғы кезде әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде көрінеу жалған ақпараттарды тарату жағдайлары көбейіп кетті.Атап айтқанда, Арыс қаласында 350 тұрғынның хабар-ошарсыз кеткендігі және қайтадан жарылыстардың болу байланысты ол жерде тұрудың қауіпті екені туралы жалған қауесет те орын алды. Мұның өзі көпшіліктің арасында үрей туғызып, Шымкент қаласында заңсыз акциялардың өтуіне итермеледі.Арыс қаласындағы жағдайға қатысты теріс ақпарат фактілері бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде» деп жазылған хабарламада. 

Баспрокуратура жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Арыс қаласында сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде.

«Сонымен қатар еліміздің жаңа ұлттық валюта – «алтынға» көшетіні, жинаған ақшаны соған байланысты дереу долларға айырбастап, жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін жаңа қарыздарды ресімдеу қажеттігі туралы шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратушылар байқалуда»

Прокуратура соңғы кездері Шығыс Қазақстан облысындағы жерлердің шетелдіктерге сатылғаны туралы шындыққа сай келмейтінін хабарлады.

«Мемлекетке, қоғам мен адамның құқықтарына елеулі зиян келтіретін экстремистік және көрінеу жалған ақпаратты таратуға тыйым салынады.Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін осындай әрбір факт бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген» деп хабарлады. 

Сондай-ақ, жаппай тәртіпсіздіктерге арандатып, азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру үшін Қылмыстық кодекстің 272-бабы бойынша (жаппай тәртіпсіздік) қылмыстық жауаптылық туындайтынын айқындады.

Factcheck.kz