Бас прокуратура 9 мамырда рұқсат етілмеген жиналыстардың салдарын ескертті

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев қазақстандықтанды 9 мамырда митингке қатыспауға шақырды. Хабарлама Қазақстанның бас қадағалау органының ресми сайтында жарияланды.

Хабарламада «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде а.ж. 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде. Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын. Алайда а.ж. 1 мамырда кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлері әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын түсіндіргенін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды» деп айтылған. 

Хабарламада бас прокурор 1 мамыр митингке қатысқандардың іс-әрекетін «құқықтық тәртіпке қайшы» және «азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді» деп айтты. 

Дембаев хабарламасын «осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз.Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады.Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады» деп аяқтады. 

Осыдан бір апта бұрын бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов 1 мамырда рұқсат етілмеген жиналыстардың жазасы жайлы ескертті. Митингке ондаған адам қатысып, 80 адам тұтқындалды.