Әсия Тулесованың аштық жариялауына қатысты прокуратура пікір білдірді

Алматы қалалық прокуратурасы Әсия Тулесованың тамақтан бас тартқанын растап, оның денсаулығы жайлы хабарлады.

«24.04.2019 ж. Ә. Тулесова тамақтанудан бас тартты, қазір тек су ғана ішуде. Ол дәрігердің бақылауында және денсаулығына қатысты шағымданбады», — делінген прокуратура таратқан ақпаратта. 

Прокуратура мәліметінше, Ә. Тулесованы ұстау режимі бұзылмаған:

«26.04.2019 жылдың 10.20-12.15 сағат аралығында Ә. Тулесова жеке қорғаушысымен кездесті. Арнайы изоляторда ұстау мекеменің ішкі талаптарына сай орындалып отыр. Тұтқынды ұстау режимі бұзылмаған. Бұл мәселе Алматы прокуратурасының бақылауында.»

Естеріңізге сала кетейік, Алматы марафоны кезінде бірнеше белсенді ұсталып, кейіннен сот Әсия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековті 15 күнге қамау туралы үкім шығарған. Бұл жайлы Freedom House және Amnesty International арнайы мәлімдемелер де жасаған.