Арыс тұрғындары Шымкентте митинг ұйымдастырды

Бір топ наразы Арыс тұрғындары Шымкентте митинг ұйымдастырды. Наразылар Арысқа қайта барғысы келмейтінін айтып, оларға Шымкентте үй беруін талап етті. Алдымен митинг “Ақмешіт” орталық мешітінде басталды. Артынша митингке қатысушылар жол-көлік қозғалысын бөгеп, Шымкент қаласының орталығына қарай беттеді деп хабарлады «Власть».

Митингке жүздеген адам қатысты. Күн ыстық болғандықтан наразылардың жартысы кетіп қалды. Ондаған адам жол үстінде есінен танып құлады.

Қозғалыс барысында наразылар полициямен және жергілікті тұрғындармен бірнеше рет төбелесті. Сонымен қатар, митингке қатысушылар оларға кедергі келтіретін автокөліктердің жүргізушілерімен де сөзге келді.

Наразылардың бір бөлігі тізбектен шығып, Арыс қаласынан эвакуацияланған адамдар тұрған мектептерге кіре бастады.

Сағат түсткі үш шамасында наразылар “Нұр Отан” партиясының Шымкенттегі филиалының ғимаратына жетіп, ішіне кірмекші болған. Полиция наразыларға ғимаратқа кіруге кедергі келтірді.

Сағат 15:40 шамасында наразылар Шымкент қаласының орталығына жетіп, митингті бастады. Олар Арыс қаласының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруін талап етті. Сонымен қатар, наразылар мемлекет көрсетіп жатқан көмекке көңілдері толмайтынын хабарлады.

Митинг қатысушыларының алдына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдрахимов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шықты. Әкімдер наразылармен ұзақ уақыт бойы сөйлескенімен екі жақ бір шешімге келе алмады.

Factcheck.kz