Әрбір екінші ресейлік жалған ақпаратты сенімдіден ажырата алмайды

ВЦИОМ орталығының директоры Валерий Федоров “әрбір екінші ресейлік жалған ақпаратты сенімдіден ажырата алмайтынын” хабарлады. Федоровтың «Армия-2019» форумындағы мәлімдемесі РИА Новостида жарияланды. 

Форум барысында Федоров фейк жаңалықтар мәселесінің ушығып бара жатқанын, тұрғындардың  42 %-ы сенімді ақпарат пен сенімсіз ақпаратты ажырата алмайтынын айтты. “Демек, бұл күрделі мәселе”.

Социологтың айтуынша, ресейліктердің айтарлықтай бөлігі шын ақпарат пен фейктың айырмашылығын білмейді. Сондай-ақ, кей жағдайда оларға фейк жаңалық сенімдірек көрінеді екен.

Бірер күн бұрын ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев фейк жаңалықтар мәселесіне пікір білдірді. Министр әрбір адамды “ақпараттық гигиена” сақтауға шақырды.

Factcheck.kz