Апталық фактчек | Технологияның жауапты соққысы

Апталық Poynter.org төрт негізгі технологиялық платформаның өзгерісі туралы хабарлады. Өңделген бағдарламалардың әрқайсысы қызықты көрінгенімен, оған қатысты сұрақтар да жоқ емес.

1. YouTube фейк роликтер мен астыртын мағынасы бар роликтерді ысыру үшін соңғы іздеу нәтижелеріне сәйкес маңызды жаңалықтарды көрсететін болады. Бірақ маңызды жаңалықтарды табу оңай болмайды. Естеріңізде болса, бұл желі бұрынырақ көрген видеоларды негізге ала отырып, сізге қызықты болуы мүмкін роликтердің тізімін шығарып береді. Сол себепті, сіз көрген бір ғана фейк-ролик ұсынылған тізімнің ішінде де фейктің болуына әсер етеді.

2. WhatsApp енді хабарламалардың көшіріп қайта жіберілгенін көрсетіп отырады (яғни, хабарлама авторы өзі жазбаған болса) және деректерді тексерістен өткізіп, зерттеушілермен жұмыс істейді. Бірақ вирус ақпараттарды болдырмау үшін бұл жеткілікті ме?

3. Facebook ғалымдармен ақпарат алмасып отыратын серіктестік орнатты. Бұл жалған ақпаратпен күресудің оңтайлы жолы бола алар ма екен?

4. Мамыр және маусым айларында Twitter 70 миллионнан аса жалған парақшалардың жұмысын тоқтатты, бірақ бұл әрекет дезинформацияға төтей ала ма? Әрине, әзірге леуметтік желілер әлі де халыққа манипуляция жасайтын, фейк-жаңалықтарды тарататын негізгі платформа болып тұр.

Және аптаның ең негізгі жаңалығы — Apple, YouTube және Facebook InfoWars-тық Алекс Джонстың барлық арналарын бандап тастады. Джонстың шоуында іріткі салатын астыртын мағыналы ойлар жиі айтылып жүрді, әсіресе ол бірнеше рет 2001 жылғы 11 қыркүйекте Нью-Йоркта болған терактты АҚШ үкіметі әдейі ұйымдастырды деген ой айтқан. Бұл жаңалық көпшілік арасында көп талқыланып жатыр. Жақтастары онлайн-гианттарды қолдап жатса, қарсыластары Джонстың бағдарламасына шектеу қою сөз бостандығы ережесін бұзады деп есептейді.

Бір аптадан кейін келесі апталық шолуымызды оқи аласыздар. Біздің Telegram арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!