Америкалық туристердің шетелде өлімі жайлы жаңалық – фейк

Бір жыл ішінде Доминикан Республикасында жұмбақ жағдайда тоғыз америкалық турист қайтыс болды. Қайтыс болған туристер жайлы BBC хабарлады. Fox News хабарлауынша БАҚ беттерінде бұл жағдайдың таралуымен қатар, Доминиканның  денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты фейк деп атап, елдің туристік саласын аяқтан шалмақшы деп мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Карлос Суероның айтуынша соңғы және алдын-ала  тексерістің нәтижесі бойынша туристердің табиғи себептермен қайтыс болғанын дәлелдейді.

«Мұның барлығы Доминикан Республикасының туризм саласына қарсы жасалып отырған қастандық. Себебі Республика бұл салада бәсекеге қабілетті және елімізге жыл сайын миллиондаған турист келеді. Бізді көздеп отыр» деп мәлімдеді Суэро. 

Оның хабарлауынша Доминикан Республикасы билігі ФТБ-мен бірлесіп жұмыс істейді. ФТБ жақында үш турис қайтыс болған Гранд-Байя-Принсипи-ла-Романа курортында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша ФТБ тергеу жұмыстары 30 күнге дейін созылуы мүмкін. 

Бұл мәлімдемелермен қатар NBC News басылымына АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті пікір білдір. Департамент 2007 жылдан бері АҚШ азаматтарының шетелде қайтыс болу себептеріне байланысты деректерді ұсынды. Мемлекеттік департаменттің дерегі бойынша америкалықтардың өлімінің күрт өсуі байқалмайды.

Factcheck.kz