Алматыда InternetCA-2019 интернет форумы өтеді

Алматыда 2019 жылдың 30-31 мамыры күндері “InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” Х ортаазиялық форумы өтеді. Форумда Орта Азия елдеріне тән мәселелерді билік пен медиа арасындағы диалог арқылы шешу жолдары қарастырылмақ.

Оныншы форумның тақырыбы: «Цифрлық сауаттылық: кәсіби құзырет, қауіпсіздік және тұтыну»

Форумда не айтылады? 

      • Ақпараттық ортаға әсер етуі ықтимал (нейрожүйелер) интернеттегі негізгі технологиялық және құқықтық тенденциялар;
      • Медиа және ақпараттық сауаттылық, фактчекинг;
      • Желілік этика мен өзін-өзі реттеу;
      • Пропаганда, өшпенділік тілі, жалған ақпарат, зорлық-зомбылық экстремизіміне аудиторияны оқыту арқылы қарсы тұру;
      • киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау;
      • Цифрлы білім беру;
      • Аудиторияның мүмкіндігін арттыру мен олардың құқықтарын қорғауға арналған интернет сервистер мен өнімдер;
      • БАҚ-тың кезектен тыс сайлау мен одан кейінгі қоғамдағы рөлі;
      • Интернетте адам құқықтарын сақтауға арналған қолайлы құқықтық жағдайлар және т.б.

Қалай тіркелуге болады? 

Қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, форумға алдын ал тіркелу қажет. Ұйымдастырушылар сіздің тіркелгеніңіз туралы ақпаратты электронды почтаңызға жібереді.

Форма төменде: 

Форумға баяндамашы ретінде 2019 жылдың 10 мамырына дейін тіркелуге болады: https://forms.gle/aPWKHRJ6RaoEXR2q6

Егер сіз форумға қонақ ретінде қатысқыңыз келсе, 2019 жылдың 27 мамырға дейін тіркелуіңізді сұраймыз: https://forms.gle/UD8MQ65S8nTTmJr47

Контекст

Осымен оныншы рет өткізілетін форумға Қазақстан, Германия, Чехия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан келген мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ-ның, дипломаттар, журналистер, сарапшылар, академиялық және бизнес орта өкілдері аймақ ақпараттық кеңістігіндегі БАҚ-тың, қоғамның және мемлекттің рөлдерін талқылай отырып, тың бастамалар мен идеяларды, нақты мысалдар мен құралдарды талқылайтын болады.

Factcheck.kz