Ақыл айтпады: Бейбарыс Толымбековты Алматыдағы жинау орнынан жіберді

Белсенді Бейбарыс Толымбековты Алматыдағы жинау орнынан жіберді. Ол түсінікте жазды деп хабарлады  Vlast.kz.
Толымбеков «мен әскерге не үшін барғым келмейтіні жайлы түсініктеме жаздым. Мен өз құқығымды қорғағым келеді, кассациялық шағым түсірдім. Оның үстіне арнайы қамаудан мені денсаулық жағдайыма байланысты босатты. Мен дәрігерлік тексерістен өткім келетінін айттым» деді. Белсендінің айтуы бойынша әскерилер Бейбарыстың батыл екенін, тек жұмыстары осындай екенін айтты.
«ІІД қызметкерлерімен салыстырғанда әскери комиссариаттың қызметкерлері маған ақыл айтпады» дейді Бейбарыс. Сондай-ақ, “сатып алушылар” келген кезде(әскерге шақырылғандарды бөлімге дейін шығарып салатын офицерлер) әскерге не үшін бармайтынын түсіндіру керегін айтты.

Контекст

Алматыдағы марафон кезінде Асия Тулесова, Айгүл Нұрболатова, Сүйінбике Сүлейменова және Бейбарыс Толымбеков «От правды не убежишь», «#У меня есть выбор» деген жазулары бар плакаттарды алып шықты. Кейіннен полиция оларды ұстап әкетті. Әкімшілік істер бойынша мамандырылған ауданаралық сот бұл істі түнге дейін қарастырды. Сот әкімшілік құқық бұзушылық коддекстің 488 баптың  3 тармағына сәйкес белсенділер Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбековті 15 тәулікке дейін қамауға алды

Келесі күні Айгүл Нұрболатов, Айдос Нұрболатов пен Сүйінбике Сүлейменоваға сот айыппұл салды. Сәуірдің 29-ы суретші Роман Захаров ұсатлды. Ол «Әл-Фараби — Достық» көшелерінің қиылысында Конституциядан үзінді келтірген баннерді ілді. Сол күні сот Романды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке дейін бас бостандығынан айырды. Артынша аудандық прокуратураның шешімімен айыппұл салынды. 

Factcheck.kz