АҚШ-тың санақ бюросы алып компаниялардың көмегіне жүгінді

АҚШ-тың санақ бюросы 2020 жылы өтетін халық санағына кедергі келтіруі мүмкін “жалған ақпарат” ағынына қарсы тұру үшін Google, Facebook және Twitter сияқты алып компаниялардың көмегіне жүгінуде. Бұл туралы Reuters агенттігі Санақ бюросының өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін нақты айтылмаған мәлімдеме киберқауіпсіздік сарапшыларының ескертпесінен кейін жасалды. Сарапшылар 2016 жылдан бері белгісіз топтар мен шетелдік субъектілер “фейк жаңалықтың” көмегімен иммигрантарды санаққа қатыспауға үгіттеуі мүмкін деп ескертіп келеді.  

Санақ бюросы басшысының орынбасары Рон Джармин санақ кезінде жалған ақпарат науқанын алдын алатынын және технологиялық ірі компаниялардың көмегіне жүгінгенін растады.  

«Біз 2020 жылғы халық санағы осындай шаралардың басты мақсатына айналады деп ойлаймыз» деп мәлімдеді. 

Интернеттегі жалған ақпаратқа қарсы науқанға дайын болу үшін бюро Google, Twitter және Facebook компаниясынан алғашқы міндеттемелер алғаны белгілі.

Factcheck.kz