АҚШ тұрғындары фейк жаңалықты терроризмнен де қауіпті деп есептейді

Pew Research Center орталығының өткізген сауалнамасының қорытындысы бойынша АҚШ тұрғындарының жартысы терроризм, нәсілшілдік және климат өзгеруіне қарағанда фейк жаңалықтар мәселесі әлдеқайда қауіпті деп ойлайды.

Сауалнамаға 6 000 адам қатысты. Олардың 50% АҚШ үшін жалған ақпарат пен фейк жаңалықтар «маңызды мәселеге» айналды деді. Сұралғандардың 46%  климаттың өзгеруін, 40% нәсілшілдікті, ал 34% терроризмді «қауіпті мәселе» деп таныды.   A chart showing Half of Americans think made-up news and information is a critical problem for the country

Респонденттердің 68% -ы фейктер мен «ойдан құрастырылған жаңалықтардың» пайда болуы олардың мемлекеттік құрылымдарға деген сенімін төмендетеді деп мәлімдеді. Сауалнамаға қатысқандардың 57% фейк жаңалықтардың пайда болуына саяскаткерлер мен олармен байланысты құрылымдарды айыптаса, 36% журналистерді кінәлады.

Сұралғандардың 53% фейк жаңалықтардың пайда болуына саяси белсенділердің қатысы бар деп ойлайды.

Алайда, респонденттердің жартысынан көбі, 53%, бұл мәселені саясаткерлер емес, журналистер шешу керек деп ойлайды. Сауалнамаға қатысқандардың 52% әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратуға “ат салысқандарын” мойындады. Дегенмен, қатысушылардың басым көпшілігі ол кезде ақпараттың жалғандығын білмегенін мәлімдеді.

 

Factcheck.kz