17.09 | Тихановская және Навальный, пандемияның бақылаудан шығуы

Беларусь оппозиционері және ресми сайлаудың нәтижесіне дейін президенттікке үміткер болған Светлана Тихановская Тарайковскийдің тізімін дайындап жатқанын айтты. Тізімге «полицияның озбырлығына ат салысқан және әлі де қатысып жүрген» лауазымды адамдар мен қауіпсіздік қызметкерлерінің аты-жөндерін қосатынын мәлімдеді. Бұл туралы “Пул Первой” телеграм арнасы хабарлады.

«Адамдарды азаптап, ұрып-соққандардың аты-жөндері бізге берілді. Сондықтан полицияның қатыгездігіне ат салысқан шенеунік пен қауіпсіздік қызметкерлерінің жеке тізімін дайындап жатырмыз. Біз оны “Тарайковскийдің тізімі” деп атадық.

Александр Тарайковский

Александр Тарайковский Беларусьтегі наразылықтар кезінде қайтыс болған алғашқы адам. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Тарайковский арнайы жасаққа қолдан жасалған жарылғыш затты лақтырғысы келген. Бірақ ол сол жерде қайтыс болды.

Куәгердің BBC сайтына айтуынша, Александрға қарсы оқ атылды. Басқа да куагерлер ІІМ-нің ресми нұсқасын жоққа шығарды.

Светлана Тихановская мен Беларусь оппозициясының жақтастары “Александр Лукашенконы сайлау нәтижесін бұрмалады” деп айыптады. Орталық сайлау комитеті Лукашенконы 80 пайыз дауыс жинаған жеңімпаз деп жариялады. Беларусь президентінің билік басында отырғанына 26 жыл болды. Беларусь халқы бір айдан астам уақыт Александр Лукашенкоға қарсы жаппай митингке шығып жатыр.

Светлана Тихановская Александр Лукашенконың биліктен кетуі уақыт еншісінде екенін айтты. Ал Еуроодақтың халықаралық істер жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Боррель Еуропарламентте “Беларусьте 9 тамызда өткен сайлау нәтижесі бұрмаланған” деп мәлімдеді.

“Навальныйдың артына түскен із”

Ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды Ресейде он жылдан астам уақыт Федералды қауіпсіздік қызметінің бақылауында болған. Бұл туралы “Важные истории” басылымы бұрын құқық қорғау органдарында қызмет атқарған адамдарға сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, Навальныйды және әріптестерін, достарын ғана емес, оның толықтай айналасын бақылап отыр. Электрондық почтадағы хаты, телефонмен сөйлескен аудиожазбалары т.б. Навальныйға қатысты жайттардан ФҚҚ хабардар.

Атын атамаған дереккөздің “Важные истории” басылымына хабарлауынша, Федералды қауіпсіздік қызметінде Навальныйға байланысты жағдайды бақылап отыратын бірнеше бөлім бар. Сонымен қатар “Кремльге ұнамайтын адамдардың әрбір қадамын бақылауға ұстауға тырысады”.

Басылымның мәліметінше, соңғы он жыл ішінде аса қауіпті террористерді ұстаудан гөрі, Навальныйға байланысты жайттарды зерттеуге көп күш жұмсалған.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 20 тамызда Томск қаласынан Мәскеуге бағыт алған ұшақта жағдайы күрт нашарлап, ұшқыштар Омбы қаласына қонуға шешім қабылдады. Ол Омбы ауруханасында екі күн жатты. Кейін Берлиннің “Шарите” емханасына ауыстырылды.

Алексей Навальныйдың уланғаннан кейін алғаш рет инстаграм парақшасында пост жариялап, жағдайының жақсарып қалғанын және аппараттың көмегінсіз демалғанын жеткізді.

Навальныйдың комадан шыққаннан кейінгі алғашқы сурет

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео “Алексей Навальныйдың улануына Ресейдің жоғары басшылығы тапсырыс беруі мүмкін” деді. Оның айтуынша, Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктері бастамашы әрі шешуші рөл атқаруы ықтимал. Сонымен бірге, Навальныйға жасалған қастандықты зерттеуге басқа да елдерді шақырды.

The New York Times басылымының дерегінше, неміс шенеуніктері Навальныйдың улануына байланысты Ресейге қарсы санкция салуды жоспарлап отыр. Бұған қоса ресми Берлиннің Еуроодаққа мүше елдерден қолдау күтенін хабарлады.

БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты жағдай бақылаудан шыққанын мәлімдеді

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш баспасөз конференцияда COVID-19 коронавирусына қатысты жағдайдың бақылаудан шығып бара жатқанын айтты. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

[Коронавирус] эпидемиясы бақылаудан шыққан және әлі де солай боп тұр. COVID-19-дан қайтыс болған адам саны жақын арада 1 миллионнан асады.

Антонио Гутерриш

Гутерреш вакцинаға көпшіліктің үміт артып отырғанын және сонымен бірге пандемияға қарсы панацея жоқ екенін де ескертті. «Бір вакцина бұл дағдарысты толықтай шеше алмайды, әсіресе алдағы уақытта», – деді ББҰ бас хатшы.

Осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемді келесі пандемияға дайын болуға шақырды. Ұйымның мәліметінше, келесі пандемияға қазірден бастап дайындалуымыз керек. COVID-19 көптеген ескертулерге қарамастан әлемнің мұндай жағдайға дайын еместігін көрсетті.

ДДСҰ-ның 17 қыркүйектегі мәліметі бойынша, әлемде коронавирус 29,4 миллион адамнан анықталды. Ал 931 мыңнан астамы COVID-19-дан қайтыс болды.

Обьективтілікті сақтау үшін Factcheck.kz редакциясы жарнамадан бас тартып, мемлекеттен, ірі компаниялар мен саяси топтардан алшақ болу принципін ұстанып, тәуелсіздігін сақтап келеді. Қазір Factcheck.kz сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж. Оқырмандарымыздың біздің шотқа аударған қаржысы – фактчекер-журналистер, аудармашылар мен ұжымның басқа мүшелеріне еңбекақы, қаламақы төлеу үшін қажет. Олар ары қарай да тоқтамай еңбек етіп, шындықты, жалған мен манипуляциядан ажырата бермек. Біз сенімді дереккөзден тексерілген тәуелсіз ақпарат алуға әркімнің құқы бар екеніне сенеміз.


Өтінеміз, кез келген сомманы таңдаңыз…



немесе өзіңіздің біздің есепке аударғыңыз келген соманы жазыңыз

Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетінде журналистика мамандығы бойынша оқиды. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.