Жолдауға фактчек: қанша елде АЭС бар?

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдау жасап, бірқатар әлеуметтік және экономикалық тақырыптарға қатыты дерек келтірді. Президент қазір халық арасында қызу талқыланып жатқан атом электр стансасы туралы да дерек келтірді. Factcheck.kz редакциясы жылдағы дәстүрге сай Тоқаевтың сөзін тексерді.

Мәлімдеме: Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындыққа жақын

Eeseaac.org ақпараттық-сараптама сайтының есебіне сәйкес, әлемде 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 170 атом электр станциясы жұмыс істеген, тағы тоғызы SO режимінде – жұмысын тоқтатқан. Бір қызығы, МАГАТЭ өзінің деректер базасында атом электр станциялары емес, атом реакторларының саны туралы статистиканы ұсынады. Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың уеб-сайтында атом электр стансалары Тайваньды қосқанда 31 елде жұмыс істейді деп жазылған. МАГАТЭ сайтындағы 2023 жылғы Country Nuclear Power Profiles есебінің сипаттамасында атом электр станцияларын пайдаланатын 30 ел (мүмкін Тайваньды қоспағанда) туралы жазылған.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz