Жартылай шындық | Қазақстан еңбек жағдайы нашар елдердің қатарына кірді

Қазақстандық LS іскерлік ақпарат агенттігінде “Қазақстан еңбек жағдайы нашар он елдің қатарына кірді” деген тақырыппен материал жарияланды. Алайда мақала ішінде өзге нәрсе айтылады. Шын мәнінде Қазақстанды Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының құқық жөніндегі жаһандық рейтингіндегі қызметкерлерге нашар жағдай жасалған топ-10 елдің қатарына қосқан.

Жартылай шындық | Қазақстан еңбек жағдайы нашар елдердің қатарына кірдіЖартылай шындық | Қазақстан еңбек жағдайы нашар елдердің қатарына кірді

Жартылай шындық | Қазақстан еңбек жағдайы нашар елдердің қатарына кірді

ҮКІМ — жартылай шындық және манипулиция

Ең алдымен ақпарат агенттігі материал тақырыбында “еңбек құқығы” ұғымын “еңбек жағдайы” дегенмен шатастырып алған. Қазақстанның қызметкерлер құқығын жиі бұзатын он елдің қатарына қосылуына да бір жақты қарауға болмайды. Бәрін басынан түсіндірейікші.

Жартылай шындық | Қазақстан еңбек жағдайы нашар елдердің қатарына кірді2018 жылы маусымның 7-сінде ITUC “2018. ITUC индексі. Қызметкерлерге ең қолайсыз елдер” есебін жариялады. Онда негізгі акцент еңбек жағдайына емес, жұмысшылардың бірігуі мен наразылық өткізу құқығының бұзылуына қойылады. Есепте 142 мемлекеттің жағдайы сипатталады.

ITUC – қатарында 160 ел мен аумақтың 181 миллион қызметкері мүше әлемдегі ең ірі кәсіподақтың бірі. Оның түрлі мемлекетте 340 өкіл ұйымы жұмыс істейді. Қазақстан атынан бұл ұйымға ҚР тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы (ҚРТКК) мүше болған. Қазір Қазақстан кәсіподақтар федерация – біздің елдің xалықаралық ұйымдағы өкілі. Алғашқысы – елдің ірі тәуелсіз кәсіподақтар бірлестігі, екіншісі – мемлекет қарамағындағы ірі кәсіподақ бірлестігі.

№5 топқа кіретін «Құқығына кепіл берілмеген» атты ITUS антирейтингі мынадай:

  • Алжир
  • Бангладеш
  • Гватемала
  • Египет
  • Қазақстан
  • Камбоджа
  • Колумбия
  • Сауд Арабиясы
  • Түркия
  • Филиппин

Мұнан бөлек тағы он елді қызметкерлер құқығына қатысты ешбір заң жоғынан және мүлдем жағдай жасалмағандықтан қарастырмағанын ескеру керек. Ол елдер: Бурунди, БАӘ, Эритрея, Ливия, Палестина, Сомали, Судан, Оңтүстік Судан, Сирия мен Йемен.

Қызметкер құқығына кепіл берілмеген елдер қатарына кірген 32 елдің қатарына (Қазақстан осы тізімге енген) бір жағынан Гондурас, Бенин, Зимбабве айтылса, екінші қатарда жағдайы тәуір Гонконг, БАӘ, Катар мен Греция көрсетіледі.

Қалайша Қазақстан Гандурас пен Зимбабведен де нашар елдердің қатарына кіріп жүр?

Бұл есептен бұрын – 2017 жылдың қарашасында ITUS-тың “Еркіндік есебі: әлем және демократиялық құқық” атты қысқаша нұсқағы есебі жарияланған.

Жартылай шындық | Қазақстан еңбек жағдайы нашар елдердің қатарына кірдіРейтингіге жұмысшылардың құқығы ұдайы бұзылатын әр аумақтан 5 ел кірген 25 мемлекет бар. Бірақ мұнда да ең сорақы аxуалдағы он ел көрсетілген.

Жартылай шындық | Қазақстан еңбек жағдайы нашар елдердің қатарына кірді

Еркіндік есебі

2018. ITUC индексі
БАӘ Алжир
Бангладеш Бангладеш
Гватемала Гватемала
Египет Египет
Қазақстан Қазақстан
Катар Камбоджа
Колумбия Колумбия
Оңтүстік Корея Сауд Арабиясы
Түркия Түркия
Филиппин Филиппин

Көріп тұрғанымыздай, біршама уақыттан соң есептің толық нұсқасын жариялаған кәсіподақтар конфедерациясы үш елге қатысты көрсеткіштерін қайта қарап, өзгерістер енгізгенімен (БАӘ, Катар мен Оңтүстік Кореяның орнына Алжир, Камбоджа мен Сауд Арабиясын жазған), Қазақстанды сол күйі қалдырған.

«2018. Индекс ITUC» есебінде кәсіподақтар конфедерациясының бас xатшысы Шэрон Бэрроудің сөзі келтіріледі: «Қызметкерлердің тәуелсіз қозғалысын қудалау Түркияда, Қазақстан мен Беларусьте жиіледі. Жұмысшыларды қудалап, түрмеге тоғытатын елдердің саны былтырғы 44-тен 2018 жылы 59-ға өсті».

Жартылай шындық | Қазақстан еңбек жағдайы нашар елдердің қатарына кірді

Қазақстандағы репрессия туралы айтқан ол елден ірі кәсіподақтың жабылуы мен оның үш лидерінің сотталуын меңзейді.

Жоғарыда айтылған ҚР тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы 2017 жылы наурыздың 28-інде “берілген уақыт ішінде – 11 айда елдің 9 аймағында өкілдіктерін аша алмады” деп, сот шешімімен жабылған. Алайда конфедерация құрамына кіретін 22 кәсіподақ бірнеше қалада ұйымды тіркей алмаған я қайта тіркемеген 30-дан аса жағдай байқалған. Одан бөлек, тап сол жылы түрлі жаламен бірлестіктің үш лидері сотталды.

Ұйым төрайымы Лариса Харькованы былтырғы шілденің 25-інде сот бөтеннің мүлкін талан-таражға салды деп айыптап, төрт жылға бостандығын шектеген. ҚРТКК төрағасының орынбасары Нұрбек Құшақбаев былтырғы сәуірде “заңсыз ереуілге шығуға үгіттеді” деп танылып, екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Oil Construction Company (OCC) мұнай компаниясы қызметкерлерінің жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Әмин Елеусінов “тапсырылған мүлікті иемденді, талан-таражға салды” деп танылып, екі жылға сотталды.

Қазақстанның рейтингте деңгейі күрт төмендеп кетуіне осы істердің әсер еткені анық.

ITUS белгілі бір елді бір орыннан екінші орынға ауыстыру себебін жаңарып тұратын есепті жасалуына тікелей әсер ететін критерийлермен түсіндіреді. ITUS жұмыс істейтін ел мен есепті құрушылардың саяси көзқарасының әсері болуы ықтимал.

Мәселен, Түркия мен Қазақстан, Оңтүстік Корея “Құқықтарына кепіл берілмеген” елдер тізіміне кәсіподақтарға қатысты мәселеге байланысты кірген. Ал БАӘ, Катар мен Сауд Арабиясы бұл рейтингіде жұмысшы мигранттар мен олардың құқықтарының мүлдем қорғалмауы себепті көш бастап тұр. Бұл елдерде кәсіподақтар жұмыс істеуі мүмкін емес. Сондықтан есепті жазып, рейтинг құрып жатқанда мемлекеттің бәрін бір критериймен сұрыптауға болмайтынын ескеру керек.

Одан бөлек, Қазақстан ITUS тізімі бойынша нашар елдердің қатарына кіруіне аталған ұйымның елдегі тәуелсіз кәсіподақтар қозғалысын қолдауы себеп болуы мүмкін.

2018 жылы 13 шілдеде АҚШ елшілігі Қазақстанға сапарлап келген кезінде Америка Сауда өкілдігінің “Үндістан, Индонезия мен Қазақстанның Преференция жалпы жүйесі (ПЖЖ) құрамынан олардың талапқа сай болмауына байланысты шығаруға” ниетті екенін айтқан. Ұйымның ресми мәлімдемесінде: “Үндістанда ПЖЖ талаптарына кіретін нарық қолжетімділігі жағдайы әлі реттелмегендіктен нормалардың қалай сақталып жатқаны қайта тексеріледі. Индонезияның мүшелігін қайта қарауға да нарыққа қолжетімділік және қызметтер мен инвестицияға қатысты талапқа сай-сай емесін тексеру себеп болды. Қазақстан жайлы бұлай айтуға ПЖЖ-ның жұмысшылар құқығына қатысты алаңдаушылығы себеп болды” деп жазылған.

Бұл – ITUS-тың ықпалы зор Америка еңбек федерациясы мен Индустриалды ұйымдар конгресі арқылы жасаған лоббистік әрекетінің нәтижесі деуге болады. Себебі, екі ұйым да «Қазақстан қызметкерлердің xалықаралық деңгейде мойындалған жұмысшылардың қауымдастық пен ұжымдық еңбек дауы сияқты құқықтарын сақтамайды» деп есептейді.

Жартылай шындық | Қазақстан еңбек жағдайы нашар елдердің қатарына кірді

Бірақ, ITUS-тың мәліметінше, Сауда өкілдігін қара тізімге қойған Египет, Камбоджа, Алжир мен Түркияға мұндай талап-тілек айтылмайды. (Мәселен, 2018 жылдың басында Түркия 67 лидері бар Aksiyon-İş кәсіподағының тұтқындауға арест берілген 33 лидерін қамауға алды.)

АҚШ-пен сауда переференциясы бар артта қалған және дамушы 122 елдің ішінде қызметкерлер құқығына қатысты мәселе әлдеқайда ушығып тұрғандары бар. Бұдан бұрын бұл тізімнен еңбекшілер құқығын бұзды деп айыпталған Беларусь шығарылып еді. Сондықтан Қазақстанға Сауда өкілдігінің “қара таңба” салуына саяси себеп түрткі болғанға ұқсайды.

Сауда преференциясы бар елдердің толық тізімі мына сілтемеде.

2017 жылы мамырдың 17-сінде ITUC мүшелігінде Қазақстан бар Халықаралық еңбек ұйымына Астананың үстінен құпия шағым (Case No 3283 (Kazakhstan) — Complaint date: 17-MAY-17) түсірген. Онда тәуелсіз кәсіподақтарға қатысты жағдай мен оның лидерін қылмыстық қудалау айтылғаны анық.

Жартылай шындық | Қазақстан еңбек жағдайы нашар елдердің қатарына кірді

– Есеп өткен жылға қатысты айтылса, сөз жоқ, келісемін. Алайда биыл “Аманатты” тіркегенде әлдебір қысымды байқамадық. Сырттан қыспақтау үлкен дау туғанда сезілетін шығыр. Бізді де бірдеңеге айыптауы мүмкін. Бірақ 2017 жылдың соңында Жезқазғанда ереуіл болғанда, бізді кінәлаған жоқ. Ол кездері кейбір адамдар заң жағынан сауатты әрекет етпеді. Біздің кәсіподақтар қозғалысында жүргенімізге 10 жыл болды. Бізді қай жерде айыптай алатынын, қай бағытта еркін жұмыс істей алатынымызды білеміз. 2017 жылы шынымен біреулер қамалды, кәсіподақтар жабылды, бірақ 2018 жылы бәрі өзгерді, – дейді «Аманат» тәуелсіз кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Берік Жағыпаров. Былтыр маусымда көбі күтпегенімен, «Аманат» уақытша тіркеуге тұрған.   

Демек, Қазақстанның «қара тізімге» кіруін «қатесі» үшін жасалған ескерту деп айтуға болады.

Ал еңбек жағдайына қатысты айтсақ, мұндай жалпылама есепті Экономикалық серіктестік және даму ұйымы (ЭСДҰ) жүргізеді. Алайда Қазақстан – бұл ұйымға мүше емес.

Халықаралық еңбек ұйымы да еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғауға қатысты түрлі көрсеткіштер бойынша барлық елге қатысты зерттеу жүргізеді. Ұйым есептерінде Қазақстан көбіне орташа көрсеткіштерге ие елдер қатарында.

factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

Қазақ тіліне аударған – Аян Қалмұрат

Factcheck.kz