Путин Пәкістанның экс-премьерінің кітабын оқып отырған фото рас па?

Желіде Ресей президенті Владимир Путиннің өткен жылы қызметінен босатылған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханның кітабын оқып жатқан суреті тарады. Алайда Agence France-Presse (AFP) фактчекерлері фотоның өңделгенін анықтады.

Әлем Имран Хан туралы оқып жатыр және Имран Хан сияқты лидеріміздің барына қуаныштымыз“,-деп жазылған урду тілінде жарияланған Facebook-тегі хабарламада.

Суретте Ресей президенті Владимир Путин “Пәкістан: Жеке тарих” атты кітапты қолына ұстап тұр. Бұл кітапты 2018-2022 жыл аралығы премьер-министр қызметін атқарған пәкістандық саясаткер Имран Хан 2011 жылы жазды.

Оған қоса Путиннің үстелінде “Әділдік орнасын: Имран ханның саяси жолы” атты саясаткердің өмірбаяны туралы кітапты байқауға болады. Кітап 2017 жылы жарық көрген.

Путин Пәкістанның экс-премьерінің кітабын оқып отырған фото рас па?
Желіде тараған фото

Дәл осы фото Facebook-те (мұнда, мұнда және мұнда) және Twitter-де (мұнда, мұнда және мұнда) бірнеше жерде жарияланды.

Имран Хан өткен жылғы сәуірде сенімнен шығып, премьер-министр қызметінен босатылды. Содан бері ол АҚШ-тың қастандығы салдарынан биліктен шеттетілгенін алға тартып, митиң өткізіп келеді.

Имран Хан шеттетілгенге дейін, 2022 жылғы 24 ақпанда, Ресей әскері Украинаға басып кірген тұста Владимир Путинмен Мәскеуде кездесті. Кейін ол бұл сапарының “Пәкістанның болашағы үшін пайдалы” екенін айтты.

Алайда Google-дің кері іздеу жүйесі фотоның түпнұсқасын тауып, Путиннің онда басқа кітап оқып отырғанын анықтады.

Сурет 2016 жылғы 14 маусымда Ресей президентінің ресми сайтында жарияланған.

Путин Пәкістанның экс-премьерінің кітабын оқып отырған фото рас па?

“Владимир Путин Ресей ғылым академиясының президенті Владимир Фортов және Федералды ғылыми ұйымдар агенттігінің директоры Михаил Котюковпен кездесті”, — деп жазылған суреттің сипаттамасында.

Хабарламаға сәйкес, Путин Ресейдегі ғылымның дамуы туралы баяндаманы оқыған. Сайтта Имран Хан мен оның кітабы туралы ештеңе айтылмаған.

Фото сатира мақсатында өңделген болуы мүмкін. Фактчекерлер өңделген фотодағы Noxious_Numaira жазуын іздеу арқылы YouTube пайдаланушысын анықтады. Оның сипаттамасында арнаның Пәкістанның саяси мемдеріне арналғаны жазылған.

Factcheck.kz