Президенттікке үміткер: Жамбыл Ахметбеков

Көптеген азаматтар ҚР президенттігіне үміткерлер туралы аз ақпарат біледі немесе мүлдем білмейді, сол себепті біз сайлау алдында Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткерлерге профайлинг жасауды жөн көрдік. Жамбыл Ахметбеков халықтық коммунистік партияның үміткері.

Қысқаша

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы, 1961 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Президент сайлауына қатысуда тәжірибесі бар, мәжіліс депутаты, ҚКХП хатшысы, гитарада ойнай алады және сетокан каратесінен қара белбеу иегері.

Мәжілістегі қызметі

Заңнамалық қызметтерден: 18.04.2016 бастап 03.05.2019 жылға дейінгі аралықта заң жобасы бойынша 27 жұмыс тобының мүшесі болды. 2016 жылдан бастап Жамбыл Әужанұлы мәжіліс депутаты және әлеуметтік даму комитетінің мүшесі: үш жыл ішінде ҚКХП үміткері 18 депутаттық сауал жасаған. Саясаткер Марат Шибұтов оның мына сауалдарын атап өтті:

-ЖОО-ғы жемқорлық
-Чернобльдықтардың зейнетақы қоры
-Ақбөкендердің жаппай қырылуы
-Желілік маркетинг компаниялары туралы

Бұрынғы қызметі

1992 жылдан 2005 жылға дейін аудандық дәрежедегі жергілікті атқару мекемелерінде жетекшілік қызметтер істеген. 2005 жылдан 2011 жылға дейін коммунистік партияда басшылық қызметте болды. Мәжілістің V және VI шақырылымының депутаты.

Үміткердің ұрансөзі:

«Өзіміздің Facebook-ымыз болуы керек, қазақстандық Facebook. Сонда ешкім сырттан бізге және біздің миымызға әсер етпес еді. Аблязов секілді қашқын олигархтар да. Немесе ойды бұзатын оның жақтастары, немесе шабармандары. Сол себепті мұндай интернет контенттерді біз жабуымыз керек, аңдуымыз, қадағалауымыз керек. Жақын болашақта жаңа технологияның пайда болуымен бірге олар жаңа түрлерін шығарады! Елдің гүлденуі кімге керек? Экономикалық дамуы ше? Батыс елдеріне керек емес. Америкаға керек емес!».

Сайлауалды бағдарламасы

Үміткердің бағдарламасы 613 сөз, 4 200 белгіден тұрады. Салыстыру үшін, Қасым Жомарт Тоқаевтың бағдарламасы ең ауқымды, онда 3 480 сөз, 26 355 белгі бар. Үміткердің бағдарламасы 5 блоктан тұрады. 30 сәуір күнгі «Экспресс К» мақаласында алты блок көрсетілген, алтыншысы – барлық дәрежедегі әкімдерді сайлауды енгізу.

    • «Батыстың ықпалы мен жалған құндылықтардан» бас тарту
    • Барлық қашқан олигархтарды сотқа беру
    • Кедейлікпен күрес
    • Көршілермен экономикалық интеграция
    • Әділ салық салу
    • Үміткердің бағдарламасында қазіргі атқарушы билікке талап
      жоқ.

Профайл

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы 58 жаста, туған күні 11.02.1961

Алғаш тіркеуге тұрған жері: Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы
Сайлау учаскесі Нұр-Сұлтан қаласы
Сайлау учаскесінің нөмірі 113
Дінмұхамед Қонаев, 33/1
Сайлау учаскесінің ғимараты № 66 мектеп-лицей

Құқықбұзушылық
-Айыппұл: Жоқ

Салық:
-Берешек: Жоқ

Борышкерлер тізімі – архивтегі мәліметтер:
Берешек: Жоқ

ҚР-нан шығуын шектеу
-Шығуға тыйым салынған: Жоқ

Жеке кәсіпкер
-ЖК: Жоқ

Бірінші басшы
-Дәрежесі: Иә
1.БИН 160240000107 | Компания: «Қазақстан Ушу және Кунг-фу» федерациясы Республикалық Қоғамдық Бірлестігі

2.БИН 180840022699 | Компания: «Қазақстан жүріс және скандинавиялық жүріс Федерациясы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі

Салық төлеушілер тізімі-Тіркеу жарамсыз деп танылды: Жоқ
-Заңды мекен-жайда жоқ: Жоқ
-Банкрот: Жоқ
-Жалған кәсіпкер: Жоқ

Лицензиялар
-Лицензия саны: Жоқ
Мемлекеттік сатып алу
-Мемлекеттік сатып алуға қатысуы: Жоқ
-Жосықсыз сатып алуға қатысушы: Жоқ
Самрұқ-Қазына
-Дұрыс өнім беруші: Мәлімет жоқ
-Сенімсіз өнім беруші: Мәлімет жоқ
-Холдинг тауарөндірушісі: Мәлімет жоқ

Іздестіру
-Экономикалық қылмысқа қатысы: Жоқ
-Терроризмді қаржыландыруға қатысы: Жоқ
-Алимент бойынша: Жоқ
-Қылмыс бойынша: Жоқ
-Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұлға: Жоқ
-Атқарушы құжаттар бойынша: Жоқ
Сот актлері
-Әкімшілік істер: Жоқ
-Қылмыстық істер: Жоқ
-Азаматтық істер: Жоқ
Педофилдер тізімі
-Құрамында: Жоқ

Әлеуметтік желілер:
-Әлеуметтік желілердегі парақшасы табылмады

Туыстары
Әйелі: Ахметбекова Қарлығаш Үркенқызы (1966 ж.т.)
Балалары: қыздары – Перизат (1990 ж.т.), Айнұр (1995ж.т.), Аружан (2003 ж.т.), Камила (2006 ж.т.).

Тест: Үміткер туралы не білесіз?

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz