28 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі ахуалға байланысты бірқатар мәлімдеме жасады. Тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау жайында айта келе, былтырғы жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлімдеді. Factcheck.kz редакциясы аталған деректі тексеріп көрді.
Мәлімдеме: Біз былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік (19 миллион шаршы метр).
Қасым-Жомарт Тоқаев
Үкім: Шындық
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2024 жылы қаңтар-желтоқсан айында 18,9 млн шаршы метр болатын 172 089 тұрғын үй пайдалануға берілген және бұл тәуелсіздік жылдардағы рекордтық көрсеткіш. Салыстырмалы түрде 2023 жылы 17,8 млн шаршы метр болатын 160 386 тұрғын үй пайдалануға берілген.
Пайдалануға берген үйлердің көлемі рекордтық көрсеткішке жетті дегенімен, жеке үйлері бар адамдар саны кейінгі жылдары төмендеген. Азаматтарға арналға үкімет мемлекеттік корпарациясының 2024 жылғы қарашадағы дерегі бойынша, елімізде 1 221 353 тұрғынның жеке меншік үйі бар, бұл шамамен жалпы халықтың – 6% болады. Сондай-ақ екі немесе одан да көп үйі бар адамдардың бар екенін ескере кеткен жөн, мысалы 2024 жылы 151 641 адамда екі немесе одан да көп баспана тіркелген.