“Өз көзімізбен”: Алматы орталығы мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ме?

Алматыда 56 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Олар серуендейді, дүкенге, шаштаразға барады және қаланың тағы басқа инфрақұрылымын пайдаланады. Factcheck.kz «Өз көзімізбен» арнайы жобасы аясында тұрғыны көп Алтынсарин даңғылы мысалында мегаполистің мүгедектігі бар адамдар үшін қаншалықты қолжетімді екенін көріп қайтты. Негізгі индикатор ретінде аялдама, даңғыл бойындағы жол мен ғимараттардың қаншалықты жабдықталғаны тексерілді. Жұмыс нәтижесін төмендегі видеодан көре аласыз.

Думан Терликбаев
Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы. Қазақ-Америка университетінде журналистика мамандығын оқыған. Республикалық "Жас Алаш" газетінде журналист-фрилансер қызметін атқарған.